Фото: видео скриншот
Танымал әнші Роза Рымбаева кезекті сұхбатында өмірден өткен жолдасын сағынып жүргенін ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Халық әртісі өнерде де жалғыз екенін жасырмады.
«Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде жалғыз емеспін, өнерде де жалғызбын. Әрине, өнеріме ғашық адамдар бар. Мен оның барлығын Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әке, өзім шешемін. Менің осы деңгейге жетуіме еңбегін, шығармашылығын, білімін арнаған — Тасқын. Онымен кездеспегенде сахнада жүру, жүрмеуім белгісіз. Оны жасың ұлғайған сайын түсіне бересің», — деді ол.
Желі қолданушылары Роза Рымбаева туралы жылы сөз жазып, әншіге жарыса қолдау білдірді.


