Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Күзгі демалыста оқушылар қандай шараларға тегін қатыса алады

24 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен күзгі каникул кезінде мектеп оқушыларына бірқатар тегін іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ұлттық музейде мектеп демалысы кезінде тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында тақырыптық тегін экскурсиялар өткізіледі. Экскурсия барысында оқушылар британдық мүсінші Юнус Сафардиардың туындылары мен отандық суретші Тілеужан Батановтың жеке көрмелерін тамашалай алады.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Алтын күз» тақырыбында пленэр, тұмар жасау бойынша шеберлік сабақтары жоспарланған.

Мемлекеттік орталық музей балалар үшін «Қазақ хандығының билеушілері» жобасы аясында циклдік сабақтар, «Абылай хан» және «Қазақ халық фольклоры: қазақ ертегілері әлемінде» жобасы аясында театрландырылған «Алдар Көсе – менің сүйікті кейіпкерім» музейлік сабақтарын ұйымдастырады.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда «Оқушыларға арналған абономент» жобасы бойынша әр концертке кіру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы 10 орын тегін қарастырылған.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы «Күзгі демалыс музей аясында» атты апталық өткізіп, оқушылар арасында викториналар, «Таңбалы» музей-қорығы оқушылар үшін қызықты квест-ойын өткізуді жоспарлап отыр. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында осы жылдың қыркүйегінен бастап арнайы мектеп оқушылары үшін «Ясауитану» клубы мен «Жас археолог», «Жас реставратор», «Жас экскурсовод» үйірмелері тұрақты түрде тегін жұмыс жасап келеді.

Музей педагогикасы жобасы бойынша «Ботай» музей-қорығында балалар үшін тегін көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылып, ашық есік күндері өткізіледі. Сондай-ақ, экскурсия барысында «Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері» инсталляциясы ұсынылады.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Қарахан», «Дәуітбек», «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелері, «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешені мен «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағына балаларға жыл бойына ақысыз кіру қарастырылған.

2017 жылдан бастап әр айдың соңғы жексенбісінде және каникул күндері мектеп оқушылары үшін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына тегін кіре алады. Сонымен қатар, Есік және Алматы қалаларындағы мүгедек және көру қабілеті нашар балаларға музей-қорыққа ақысыз кіру қарастырылған.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырып, «Күз қызықтары» шеберлік сағатын өткізеді.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы Арыстанбаб кесенесі, Отырар-төбе және Сапар орталығы ғимараттарына экскурсияларды тегін ұйымдастырады.

«Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» мектеп оқушыларына арнап «Жошы ұлысы: тарихы және мұрасы» тақырыбында тегін көрме ұйымдастырады. Көрмеде Ұлытау өңірінде орналасқан Алтын Орда дәуіріне жататын тарих және мәдениет ескерткіштері таныстырылады.

 

алады демалыста күзгі оқушылар тегін шараларға қандай қатыса

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.