Қызылордада премиум торттар мен нан, ұн өнімдерін шығаратын жаңа кешен іске қосылып, ел назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Мамандар бұл жерден шығатын өнімдер дәмі мен ауқымы жағынан Куликовтан да асып түсуі мүмкін деп бағалап үлгерді. Бұл – жай пікір емес, өндірістің масштабы мен технологиясы соған дәлел.
Жобаның бастама иесі – ұлтжанды азамат, кәсіпорын директоры Ержан Ескендірұлы. Оның табандылығы арқасында өңірде Қазақстанды ғана емес, шетел нарығын да көздейтін ұлттық брендтің іргесі қаланды.
Ал жобаның нақты нәтижелері тіпті сенсацияға татиды:
120 адам жұмыспен қамтылып отыр, жақын уақытта бұл сан 170-ке жетеді.
Мемлекеттік қолдау аясында 5 гектар жер, инфрақұрылым және 1,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді.
Зауыттың ашылуына Президенттің өзі қатысып, оң бағасын беріп кетті.
Зауытта тек нанның 100 — ден астам түрі, печенье, тоқаш, торт, макарон өнімдерінің алуан түрі бар.
Өнімдер жоғары сапалы технологиямен, таза табиғи ингредиенттерден дайындалады
Бұл — өндіріс қарқынын күрт өсіруге мүмкіндік беретін критерийлер.
Келесі жылы жобаның екінші кезеңі – 2,5 млрд теңгеге ұн комбинатын салу – іске қосылады. Бұл Қызылорданы оңтүстік өңірдегі ең ірі азық-түлік хабына айналдырады.
1957 жылы алғаш жұмыс бастаған Қызылорда нан зауытының игі дәстүрі осылайша 30 жылдан кейін қайта тіріліп, жаңа деңгейде жанданды.
Бұған дейін тоқтап қалған өндіріс енді елімізге ғана емес, халықаралық нарыққа шығуға қабілетті форматта қайта оралды.
Бұл – отандық өнімді қолдаудың жаңа кезеңі.
Елімізде әлемдік брендтермен бәсекелесетін кәсіпорындар бар екенін дәлелдейтін оқиға.

