Қазақстандық танымал әнші Саят Медеуов «1001 түн» бағдарламасында әншілер сахнаны ластап жатқанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Болмайтын әндер, сөздер көп. Түкке керегі жоқ сөздерді айтып, елі улап жатырмыз. Өнер деген халықты тәрбиелеуі керек. Біз керісінше, болмайтын ән айтып жатырмыз. Жеңіл ән айтылуы керек. Бірақ сөзі поэзия сияқты құйылып тұруы керек. Сапасыз ән айтатындарға айыппұл салу керек. Заңмен шектеп, олардың еркін көсілуіне жол бермеуіміз керек. Ақыры бәріне айыппұл салып жатырмыз ғой. Көлікті 5 минуттан артық қыздырғанға да айыппұл салып жатырмыз ғой, одан да өнерді ластап, мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салғанымыз абзал», — дейді Сауат Медеуов.