Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Нақтылап айтсақ, 71 келі салмақтағы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов алғашқы қарсыласы Финляндия боксшысы Сэм Мороватиді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді Асланбек келесі айқасын 7 наурызда өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 60 келіде әйелдер арасындағы бәсекеде ел намысын қорғап жүрген Волосенко екінші жекпе-жегінде венгриялық Петра Сабоны жеңген болатын.
Аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысып жатыр.
Лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.
Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.