Фото: Видеодан скрин
Астанада полицейлер «қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған» пранкерлерді ұстады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде жастар қаруға ұқсайтын затты көрсетіп, жанжал шығарғандай болған, мұны көрген адамдар шошыған.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде азамат Г.А. және оның сыбайласы әуелі сөзге келіспей қалғандай болып, кейін төбелескендей болған.
Осы кезде Г.А. тапаншаға ұқсас затты шығарып, оны лифтідегі адамдарға қаратып, оларды қорқытқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осы факті бойынша пранкті ұйымдастырған тұрғын ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үстінен бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды және уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz