Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Лифттен қорқады, түнде бізді шақырады». Анасы қайғылы оқиғадан кейінгі өмірі туралы айтты

«Лифттен қорқады, түнде бізді шақырады». Анасы қайғылы оқиғадан кейінгі өмірі туралы айтты

14 Мамыр, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі лифт ішінде ақыл-есі дұрыс емес жасөспірім пышақпен шабуыл жасаған балаға алты жас толғалы отыр. Оқиғадан кейін оған күрделі операция жасалды, қазіргі уақытта бала оңалту емін жалғастырып жатыр. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында баланың анасы бастан кешкен қиындықтар мен отбасының өмірі қалай өзгергенін айтып берді.

Не болды?

11 ақпанда қазақстандықтарды шошытқан жаңалық тарады: жасөспірім лифт ішінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаның бейнекадрлары әлеуметтік желілерде жарияланды.

Баланы ауыр жағдайда №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургия бөліміне жатқызды. Оның бет жұмсақ тіндерінде көптеген кесілген жаралар болған. Дәрігерлер оған шұғыл операция жасады. 14 сәуірде бала Ұлттық балаларды оңалту орталығына ауыстырылды.

Кейін шабуыл жасаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. 12 мамырда Астана қаласының соты оны Талғар ауданындағы Ақтас ауылындағы арнайы бақылауы бар психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

«Бет жүйкесі қатты зақымданған». Бала қазір қалай өмір сүріп жатыр

Анасының айтуынша, шабуыл салдарынан туған асқынулар өте ауыр.

«Көп нәрсені өткердік: инемен ем, физиотерапия, оңалту орталығындағы ем. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ», – дейді ол.

Бала осы жағдайдан кейін қатты өзгерген: жалғыз қалудан қорқады, лифке мүлде кірмейді.

«Ол лифттен қорқады. Сыртқа шықсақ, үнемі артына қарай береді. Бұрын түнде өзі тұрып су ішетін, қазір міндетті түрде бізді шақырады. Жалғыз ешқайда бармайды, жалғыз қалмайды», – дейді анасы.

Әйел жарты жыл бұрын баласының өмірге құштар, қызығушылығы мол болғанын еске алады. Қазір оны балалар психологына апарып жүр. Өзіне де маман көмегі қажет болған.

«Баяу болса да ес жинап келемін. Бірақ бұл өте ауыр. Біз бұл жағдаймен күнде өмір сүріп жатқандаймыз. Ол сезім кетпейді», – дейді ол.

«Ұлым кінәлі жазаланды дегенді естуі керек еді»

Алдыңғы күні өткен сот шешімімен отбасы толық келіседі. Жәбірленуші тарап моральдық зиян бойынша өтемақы талап етпеуді шешкен.

«Күйеуім: “Жетер, сен онсыз да шаршадың” деді. Сот шынымен ауыр болды — күн сайын 5–6 сағат. Өте шаршататын. Бірақ сот шешімімен келісеміз. Ұлымызға “кінәлі жазаланды” деп айттық. Ол жаман әрекеттің жазасыз қалмайтынын естуі тиіс еді. Бұл өте маңызды — баланың өмір заңдылықтарын түсінуі үшін», – деді баланың анасы.

Ем және шетелге сапар жоспарлары

Қазір отбасының жалғыз уайымы — баланың емделуі. Анасының айтуынша, баланың бетінің сол жақ бөлігі қатты зақымданған: үстіңгі жағы — шамамен 70%, астыңғы жағы — 10%. Сонымен қатар пышақ соққысынан бір тісі алынған.

«Бетінің бір жағы мүлде жұмыс істемейді. Ең бастысы — қабақ түсуі (птоз) жоқ. Әрине, бет әлпеті өзгерді. Қазір үш тыртығы бар, біреуі әлі жазылмаған. Инемен ем, физиотерапия — қолымыздан келетін жалғыз нәрсе. Бірақ физиотерапия ауыртпайды, ал ине салу өте қиын өтеді», – дейді ол.

Жақсарулар байқалмағанымен, дәрігерлер қайта операцияны ұсынбай отыр: себебі бет жүйкесі қайта қалпына келмей қалуы мүмкін және жаңа тыртық пайда болуы ықтимал. Отбасы Израиль, Оңтүстік Корея мен Ресей мамандарымен кеңескен. Олар нақты болжамды тек жеке тексеруден кейін ғана бере алатынын айтқан.

Қаржылай көмек туыстар мен достардан түсіп жатыр. Алайда шетелге емделуге бұл жеткіліксіз. Әйел жақын арада ресми түрде қаражат жинауды бастап, қазақстандықтардан әлеуметтік желіде көмек сұрауды жоспарлап отыр.

«Бізге бірден: “Моральдық, физикалық әрі материалдық тұрғыда дайын болыңдар. Бұл ұзаққа созылады” деді. Қазір ем курсын аяқтаймыз, бала демалсын, сосын қайта бастаймыз. Шетелге баруға қаражат жинап, жақсы дәрігер іздейміз. Баламның денсаулығын толық қалпына келтіруге тырысамыз», – деді ол.

Балаға жақында алты жас толады. Ол әлі де белсенді әрі қызығушылығы мол. Жасы кіші болса да, алда оны үлкен өмір сынақтары күтіп тұр.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Ainura (@ray_moona)

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

30%-ға қымбаттайды: Елімізде енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

Соңғы жазбалар

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.