Фото: David Swanson / AFP / Getty Image
Лос-Анджелестің батысындағы орманнан өрт шықты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ірі шаһардың беделді ауданы Пасифик-Палисейдсте ОТ 7-ші қаңтарда тұтанған. Калифорния штатының Орман шаруашылығы және өрттен қорғану департаментінің мәліметі бойынша, тілсіз жау бірнеше сағат ішінде 486 гектар аумақты жалмап үлгерді.
«Алапат өрттің таралуына құрғақшылық пен күшті жел себеп», – дейді мамандар.
Қауіп әлі жоғары. Жалпы 23 мыңнан астам ғимарат отқа орануы мүмкін.