Фото: Alexander Nemenov / Getty Images
Лукашенко Беларуське ондаған ядролық зымырандар әкелінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы BBC басылымына сілтеме жасап.
Беларусь президенті бұл туралы ел аумағына ресейлік «Орешник» зымыран кешенін орналастыру жоспары туралы сұраққа жауап беру кезінде айтты.
“Мен мұнда ядролық зымырандар әкелдім. Ондаған дана. Көптеген адамдар: “Бұл әзіл, ешкім ештеңе әкелген жоқ” деп жазып жатыр. Әкелдік. Бұны «әзіл» деп жатқандар, оларды қалай әкелгенімізді де байқамай қалды”, – деді Лукашенко.