Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • 16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Made in Almaty»: Алматыда халал талаптарына сай сабын шығаратын бірегей зауыт жұмыс істеуде

«Made in Almaty»: Алматыда халал талаптарына сай сабын шығаратын бірегей зауыт жұмыс істеуде

23 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Almaty TV телеарнасы ұсынатын «Made in Almaty» бағдарламасының кезекті шығарылымы отандық сабын өндірісіне арналды. Бағдарламада Алматы қаласында орналасқан, халал стандарттарына сай жұмыс істейтін бірегей зауыт туралы кеңінен ақпарат берілді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде Алматы – еліміздегі кәсіпкерлік белсенділігі ең жоғары мегаполис. Мұнда 420 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар, оларда 940 мыңға жуық адам еңбек етеді. Солардың бірі – күнделікті тұрмыста қолданылатын және арнайы мақсаттарға арналған 33 түрлі сабын өнімін шығаратын отандық зауыт.

«Біздің зауыттың негізі 2014 жылы қаланды. Ол кезде қазақстандық нарықта отандық сабын өнімдері жоқтың қасы еді. Біз бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қауіпсіз әрі сапалы өнім өндіруге бел будық. Бүгінгі өнімдеріміздің ерекшелігі – тіпті сәбилерге де қолдануға жарамды», – дейді коммерциялық бөлім бойынша директордың орынбасары Аида Даненова.

Заманауи технология және халықаралық стандарттар

Өндірістік процесте Түркиядан жеткізілген заманауи құрылғылар пайдаланылады. Негізгі шикізат – Малайзиядан әкелінетін табиғи пальма майынан жасалған сабын гранулалары. Ал хош иістендіргіштер мен дәрумендер Германия мен Түркиядан импортталады.

«Біз қолданатын сабын түйіршіктері сапасы жағынан жоғары санатқа жатады. Өндіріс барысында олар глицерин, су және табиғи қоспалармен араластырылып, салқындату мен қыздыру сатыларынан өтеді. Кейін арнайы құрылғыда қалыпқа келтіріліп, әртүрлі өнім түрлеріне бөлінеді», – деп түсіндірді кәсіпорын қызметкері Айгерім Сейсенбай.

Кәсіпорын халықаралық халал стандарттарына сай сертификатталған. Сабын құрамында тыйым салынған қоспалар мүлде жоқ, бұл оның экологиялық және діни талаптарға сай екенін растайды.

Экспорт пен даму бағыты: Ресейден Қытайға дейін

Қазіргі таңда зауыттың өнімдері Ресей, Ингушетия, Шешенстан мен Краснодар өлкесіне экспортталады. Алдағы уақытта кәсіпорын Қытай нарығына шығуды көздеп отыр. Осы мақсатта кір жуғыш ұнтақ пен дерматитке қарсы сабын сынды жаңа өнімдер шығаруға дайындық жүріп жатыр.

Мемлекет тарапынан да қолдау бар. Мысалы, «Даму» қоры құрылған сәттен бастап жалпы құны 2,2 трлн теңгеге жуық 20 мыңнан астам жобаны қаржыландырған. Оның 85 пайызы микро және шағын бизнеске тиесілі.

 

 

Оқылып жатыр

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Онлайн супермаркет арқылы 800 мың қазақстандық азық-түлік пен тауар сатып алды

Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды

«Ләззатқа әлі де ғашықсыз, ұрпақ өрбітуді ойламайсыз ба»: Мұхамеджан Тазабекке ұятсыз сұрақ қойған журналисті Ахатова сотқа бермек

Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ

Соңғы жазбалар

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.