45 жасын дүркіретіп атап өткен Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарын ашты.
Өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жасап, көпшілікті таңғалдырған еді.
“Осы ғой , бағым бес елі,
Самғатқан шаттық шырайын.
Дəл осы ұлы бақытты,
Əркімге берсін Құдайым!
Қош келдің, жаңа жасым!”, – деп жазған еді әнші.
Көп ұзамай жекеменшік мерекесінде келген сыйлықтарын оқырмандарына көрсетіп, мақтанып алды.
“Сыйлықты кім жақсы көрмейді?! Әнуар өзінің жинап жүрген ақшасына Apple құлаққап алып берді.
Ата-анам, бауырларым, әріптес, дос- құрбыларымнан неше түрлі әдемі дүниелер келді. “Күйеуің не сыйлады?” дейсіздер ғой?! Машинаға қысқы дөңгелек алып берді. Бұл видеоға жараспады. Бірақ олар🛞🛞🛞🛞
шын жүрекпен айтылған тілек, берілген сыйлық. Гүл , дөңгелек бәрі-бәрі қымбат мен үшін. Рақмет!”, – деп жазды өнер иесі.