Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова сана мәдениетінен де, сұхбат беруден де жұрдай. Санасының деңгейін көрсеткен Мұқанова көпшіліктің қатаң сынына тағы ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo.
Ол Айнұр Ілиясованың жобасына берген сұхбаты арқылы жұрттың ашуына тиген.
Сұхбат барысында Мұқанова кей сұрақтарға дөрекі жауап берген. Бұл жайт көрермендердің наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде сынның астында қалды. Пікір білдірушілер оның сөйлеу мәдениеті мен өзін ұстау әдебіне шүйлікті.
«Сұхбат алатындай не еңбегі бар сонша», «Ең бірінші өзін мәдениетті ұстауды үйрену керек», «Қылығы ерсі, қарқылдап күліп отыр», «Түк этика жоқ, мәдениеттен жұрдай», — деген көптеген сыни пікірлер жазып жатыр.
Көпшілік оның ел алдында сөз сөйлеуге лайық емес екенін, ал кейбірі танымалдылығын тек жолдасының атымен байланыстыратынын жасырмады. Желі қолданушылары арасында Мөлдір Мұқанованың мінезі мен қылығы жайлы бұрыннан пікір айтқандар да табылды.