«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.
Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Дереккөз: Халық үні