Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Абай облысының бюджеті екі есеге артты

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты

11 Қараша, 2025

«Солқылдап жылағаны жаман екен»: Тұрсынбектің балалары ағыл-тегіл жылап қалды (ВИДЕО)

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Абай облысының бюджеті екі есеге артты
  • Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты
  • «Солқылдап жылағаны жаман екен»: Тұрсынбектің балалары ағыл-тегіл жылап қалды (ВИДЕО)
  • Адамзаттың айуаны: хуторлық Хасан Қасымбаев ауыр жазаға кесілді
  • «Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен
  • Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті
  • Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр
  • Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 11 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Мәскеуге сапар қарсаңында «Российская газета» басылымына Тоқаевтың мақаласы шықты

Мәскеуге сапар қарсаңында «Российская газета» басылымына Тоқаевтың мақаласы шықты

11 Қараша, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресей – одақтас әрі стратегиялық әріптес мемлекеттер. Тарихтың өзі біздің елдердің мәңгі достығын, барлық саладағы ауқымды ынтымақтастығын және гуманитарлық саладағы тығыз байланысын айқындап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Біздің халықтар ғасырлар бойы қатар өмір сүріп, қуанышы мен қайғысын бөлісіп, Еуразия кеңістігінде ортақ мәдени өріс қалыптастырды. Бізді дәстүрлі құндылықтарды ортақ қабылдау, қазіргі заманның өзекті мәселелеріне ұқсас көзқарас және бауырлас халықтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы бірлескен еңбек біріктіреді.

Осы берік негіздің арқасында біз тарихқа, мәдениетке және дәстүрлерге өзара құрметпен қарай отырып, көпжақты серіктестік жолымен нық қадам басып келеміз.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Ресеймен достық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән беріп келеді. Елдің алғашқы сыртқы саясат тұжырымдамасынан бастап, кейінгі құжаттарда да Ресей бағыты өзгермейтін басымдық ретінде белгіленген.

1992 жылы «Мәңгі достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт» қабылданды. Бұл құжат мемлекетаралық қатынастардың берік іргетасын қалап, халықтардың саналы таңдауының символына айналды.

Содан бері әлем де, посткеңестік кеңістік те қатты өзгерді, алайда сол Шарттағы басты қағида әлі де өзектілігін жойған жоқ: «Мәңгі достық» — жай сөз тіркесі емес, ол қазіргі және болашақ дәуірдің күрделі шындығын халықтарымыздың философиялық және саяси тұрғыдан түйсінуінің нақты көрінісі.

Қазақстан мен Ресей өзара сенім мен теңдікке негізделген сапалы, мазмұнды стратегиялық серіктестік пен одақтастық орната алды. Мұндай ынтымақтастықтың өзегі – осы турбулентті және болжап болмайтын заманда халықтарымыздың бірге болуға деген саналы ұмтылысы. Яғни, мәңгі достық – мемлекеттеріміз бен халықтарымыз үшін бағыт беретін жұлдыз.

Біздің қарым-қатынастарымыз кемелдігімен және тұрақтылығымен ерекшеленеді, өйткені олар терең сенімге, сыйластыққа және тең құқықтылыққа сүйенеді. Халықтарымыздың болашағы үшін өзара жауапкершілік күн тәртібіндегі барлық мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Менің ойымша, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық – Еуразия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды факторы.

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы – жаңа деңгейде

Екі ел арасындағы барлық жетістік Ресей Президенті Владимир Путиннің осы бағыттағы белсенді әрі нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Қазақстанда ол ғаламдық ауқымдағы мемлекет қайраткері ретінде зор құрметке ие.

Өткен жылдың қарашасында Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, екі ел ынтымақтастығын жаңа кезеңге бастаған маңызды құжаттарға қол қойылды. Санкциялық қысым мен халықаралық шиеленіске қарамастан, елдеріміз өзара серіктестіктің тұрақтылығы мен серпінін сақтап қалды.

Алдағы Мәскеу сапары қарсаңында мен Ресей Президентімен өтетін келіссөздердің айрықша маңызын атап өткім келеді.

Соңғы айларда мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, АҚШ Президенті Дональд Трамппен және бірқатар Еуропа, Азия мен Африка елдерінің басшыларымен мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Олардың барлығы Ресей мен оның басшысының халықаралық қатынастардағы шешуші рөлін мойындайды. Қазіргі әлемдегі қарама-қайшылықтарды Мәскеудің қатысуынсыз еңсеру мүмкін емес.

Қазақстан мен Ресей шын мәнінде үлгілі мемлекетаралық қатынас орната білді. 30 жылдан астам уақыт бойы біз халықтарымыздың игілігі үшін көпқырлы серіктестікті тұрақты дамытып келеміз. Алдағы келіссөздер бұл серіктестікті жаңа мазмұнмен толықтырады.

Мәскеуге сапар барысында екі ел арасындағы қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы декларацияға қол қойылады. Бұл құжат екіжақты сенімнің бұрын-соңды болмаған деңгейін растап, жаңа дәуірдің бастауына жол ашады.

Экономикалық байланыстар

Ресей Федерациясы – Қазақстанның үш ірі сыртқы сауда серіктесінің бірі. Өз кезегінде Қазақстан да Ресейдің бес негізгі сауда әріптесінің қатарына кіреді. Екі елдің тауар айналымы 30 миллиард долларға жуықтады.

Инвестициялық ынтымақтастық та белсенді дамуда. Қазақстан экономикасына ресейлік инвестициялар тұрақты түрде тартылып келеді, бұл елдер арасындағы сенімнің және берік іскерлік байланыстардың айқын дәлелі.

Бүгінде жалпы көлемі 50 миллиард доллардан асатын 170-тен астам бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. «Сибур», «Газпром», «Лукойл», «ЕвроХим» сияқты ірі компаниялардың қатысуымен Қазақстанда полиэтилен, бутадиен, минералды тыңайтқыш және өзге де жоғары технологиялық өнім шығаратын зауыттар салынып жатыр.

Сонымен қатар «Татнефть» компаниясымен бірлесіп автошина өндірісі, «КАМАЗ» компаниясымен жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығару жолға қойылған.

Қазір Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 20 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Бұл тек статистика емес, өзара тиімді серіктестіктің нақты нәтижесі.

Энергетика және көлік логистикасы

Энергетика саласы – екі ел ынтымақтастығының маңызды бөлігі. Қазақстан мен Ресей бірлесіп ресейлік энергия ресурстарының Қытай мен Орталық Азияға үздіксіз транзитін қамтамасыз етіп отыр.

Елде халықаралық консорциумның, соның ішінде «Росатомның» қатысуымен Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады. Бұл жоба елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып қана қоймай, технология трансфері мен жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады.

Тасымал саласында Қазақстан аумағы арқылы өтетін 13 халықаралық дәліз (5 теміржол және 8 автожол) Азия мен Еуропаны байланыстырады. Екі ел «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізін кеңейтіп, шекарадағы 30 өткізу пунктін жаңғыртуда.

Тарих пен мәдениет – достықтың діңгегі

Биыл Қазақстан мен Ресей үшін тарихи жыл. Ең басты оқиғалардың бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл мерейтойды екі халық бірге атап өтіп, жауынгерлердің ерлігіне тағзым етті.

Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы және 2005 жылғы Қазақстан–Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 20 жылдығы аталып өтуде. Ең ұзын құрлық шекарасы – «достық белдеуі» деп аталады.

Екі ел арасындағы аймақаралық форумдар жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл кездесулер өзара экономикалық және мәдени байланыстарды нақты жобалармен толықтырып, жаңа серпін береді.

Гуманитарлық салада да байланыс артып келеді. Биыл Астанада «Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясы» ашылды, ал жақын уақытта Мәскеуде «Қазақ-орыс достығы сквері» пайдалануға беріледі.

Білім және тіл саясаты

Қазақстанда Ресейдің тоғыз жетекші жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істейді. Астанада МГИМО филиалы ашылды, ал Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өкілдігі іске қосылды. Бұл – білім беру саласындағы сенім мен стратегиялық жақындасудың айқын дәлелі.

Алматыда ресейлік «Сириус» мектебінің филиалы салынбақ.

Қазақстан Президенті көптілділікті ұлттық артықшылық ретінде атап өтті:

«Жастарымыз қазақ, орыс, ағылшын, қытай және басқа да тілдерді меңгеруі тиіс. Бұл – жаһандық әлемде табысқа жетудің басты шарты».

Тоқаев орыс тілін қолдау – халықтар арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтудың маңызды бөлігі екенін атап өтті және осы мақсатта Халықаралық орыс тілі ұйымын құру бастамасын көтерді.

«Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы Еуразия кеңістігіндегі негізгі үрдістерге шешуші ықпал етеді.
Біздің ынтымақтастығымыз формальдылықтан ада, ол – тірі, серпінді және уақыт сынынан өтетін байланыс.
Халықтарымыз тарих пен рухани тамырларға адал бола отырып, болашаққа бірге ұмтылуда.
Осы сенімнің арқасында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы Еуразия құрлығы үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың тірегі бола береді».

Оқылып жатыр

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан мен АҚШ 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойды

$17 миллиард келісім, стратегиялық серіктестік: Тоқаев пен Трамп кездесуінің нәтижесі белгілі болды

Тоқаев пен Трамп келіссөз жүргізді

Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ астанасына сапармен барды

Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы өтіп жатыр

Соңғы жазбалар

Абай облысының бюджеті екі есеге артты

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты

11 Қараша, 2025

«Солқылдап жылағаны жаман екен»: Тұрсынбектің балалары ағыл-тегіл жылап қалды (ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Адамзаттың айуаны: хуторлық Хасан Қасымбаев ауыр жазаға кесілді

11 Қараша, 2025

«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен

11 Қараша, 2025

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

11 Қараша, 2025

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

11 Қараша, 2025

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

11 Қараша, 2025

«Елу жыл өтті — енді айтуға болар»: ардагер Кеңес одағы кезіндегі құпия қызметі туралы жазба қалдырды

11 Қараша, 2025

«Желіні шулатып жатқан Бадықова екеуміз»: Тұрсынбек Қабатов концертінде тоқалы туралы айтты

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.