Гауһар Танашева мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігінен айырылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайты хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің бюро қаулысына сәйкес (2024 жылғы 23 желтоқсан, №27) Гаухар Шаймерденқызы Танашеваның Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
Гауһар Танашева С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінде білім алды. 1998 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді.
1998-2000 жылдары кардиология ғылыми-зерттеу институтында кардиология мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірген. Сонымен қатар, 2002-2004 жылдар аралығында Халықаралық кәсіптер институтында экономист-менеджер мамандығы бойынша оқыды.
2008 жылы Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Кардиология» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2000–2002 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасында ассистент қызметін атқарды.
2003–2016 жылдар аралығында Pfizer, Gedeon Richter, Zentiva, Sanofi және Actavis сияқты ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялардың маркетинг бөлімдерінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014–2022 жылдар аралығында «Қазақстан балалары» Алматы қайырымдылық жастарды дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті болды.
2020 жылдан бастап «Қазақстан аналар қауымдастығы» корпоративтік қорының директоры қызметін атқарды.
2023 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып табылады.
Рейтингтер мен қызметіне баға беру
«Мәжіліс депутаттарының рейтингі» жобасы бойынша Гаухар Танашева барлығы 53 реакция жинап, 31-орынды иеленді.
Аскар Садықов туралы оқиға
Өткен жылы тамыз айында Мәжіліс депутаты Аскар Садықовтың мандаты алынғаны және партиядан шығарылғаны белгілі болды. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың мәлімдеуінше, Садықов депутат мәртебесіне сай келмейтін әрекеттер жасаған. Кейін Перуашев Telegram-арнасында Парламент қызметкерінің Садықов тарапынан қысым көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясы бұрынғы депутатының Қылмыстық кодексті бұзғанын алға тартты.