Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр

6 Қараша, 2025

«Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

6 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр
  • «Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда
  • Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды
  • Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады
  • Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
  • Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды
  • Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады
  • Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 6 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады

Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады

6 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: dalanews.kz

Соңғы шағымында ол белгілі журналист Михаил Козачковты “жала жапты” деп айыптап, құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Алайда бұл шенеуніктің ақпарат саласы өкілдеріне қатысты алғашқы шағымы емес. Бұған дейін депутат дәл осындай уәжбен журналист Диас Нұрақынды да сотқа берген еді. Dalanews.kz агенттігіне берген сұхбатында Нұрақын депутаттың өзіне не үшін арызданғанын және сол істің қалай аяқталғанын баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

“Dala Fruit” төңірегіндегі дау

Журналистің айтуынша, бұл дау 2022 жылы әлеуметтік желідегі жазбадан кейін басталған. Ол кезде журналист Болатбек Нәжметдинұлының иелігіндегі “Dala Fruit” компаниясына байланысты материал жариялаған.

“Сол жылы БАҚ-та “Dala Fruit” компаниясының италиялық алхоры өсіру үшін мемлекеттен миллиардтаған субсидия алғаны, алайда іс жүзінде ешқандай жеміс-жидек өсірмегені туралы ақпарат тарады. Ал алқаптарды шаң басып, қараусыз қалғаны видеода көрсетілді. Кейін белгілі болғандай, жеміс-жидектер шетелден тасымалданып, өздері өсіргендей етіп көрсеткен. Осылайша мемлекеттен бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған болуы мүмкін деген сарында жазба қалдырдым”, — деді ол.

Нұрақын жазбасында Болатбек Нәжметдинұлының бұған дейін сотты болғанын және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінен істі болуына байланысты кеткенін де атап өткен.

Осы материалдан кейін депутаттың адвокаты хабарласып, жазбаны өшіруді және теріске шығаруды талап еткен. Бірақ Нұрақын бұл талаппен келіспеген.

“Сонымен іс сотқа дейін барды. Мен судьядан жазбамдағы ақпараттардың бәрі ашық дереккөздерден алынғанын дәлелдеу үшін филологиялық-лингвистикалық сараптама тағайындауды сұрадым. Сараптама нәтижесінде менің жазбамда ешкімнің ар-намысына нұқсан келтірілмегені анықталып, іс тоқтатылды. Одан кейін тараптар апелляция бермеді, қысым болған жоқ”, — деді журналист.  Диас Нұрақын бұл істің нүктесі қойылғаннан кейін арада біраз уақыт өткен соң, Михаил Козачковқа қатысты дәл осындай жағдай қайталанғанына тоқталды.

Ал Шымкент қаласы бойынша ҰҚК департаменті Болатбек Нәжметдинұлы арнайы тексеруден өткенін, алайда оның нәтижелері жеке деректерге жатады, сондықтан жария етуге жатпайтынын мәлімдеген.

Сонымен қатар журналист Әлиевтің 2008 жылы сот арқылы өз қызметтен босатылу себебін өзгертіп алғанын анықтаған.

Бұрын оның еңбек кітапшасында: “Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас кеден басқармасының бастығының ұсынысы негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жұмыстан босатылды” деп жазылған болса, кейін бұл тұжырым “Өз еркімен жұмыстан кетті” деп өзгертілген.

“Бірақ бәрібір түсініксіз. Егер артында “жемқорлық дауы” бар болса 2007 жылы ол мемлекеттік қызметке қалай оралды?», — дейді журналист.

“Жала жапты” деген айып және жаңа іс

Козачковтың айтуынша, дәл осы фактілерді жариялағаннан кейін, яғни жазда жарық көрген мақаласынан соң, депутат полицияға шағым түсірген. Енді журналиске қарсы “жала жабу” бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Қазір істі Бостандық аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Олжас Жәмішев жүргізіп жатыр.

“Мені 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу қаупі бар. Не боларын білмеймін, бірақ мен ешқашан шындықты айтудан бас тартпаймын. Протоколдар мен қорқыту әрекеттері маған әсер етпейді. Лас кеденшіні таза адам деп айта алмаймын”, — деп мәлімдеді журналист.

Козачков бұл істің астарында есеп айырысу мен қорқыту бар деп есептейді.

“Менің ойымша, Болатбек Нәжметдинұлы мені үркіткісі келеді. Өйткені ол өзінің аты тағы да аталғанынан қорқады”, — дейді ол.

“Козачков та мен секілді Болатбек Нәжімеденұлының бұрын істі болғанын жазған. Сол себепті депутат енді оны да сотқа беріпті. Мен Козачковтың жазбасына пікір қалдырып, “мен де осы кісіден сотта жеңіп шықтым, қорықпай соттаса беріңіз” деп жазған едім”, — дейді Нұрақын.

Журналистің айтуынша, мұндай әрекет депутаттың қоғам алдындағы ашықтық қағидатына қайшы.

“Менің ойымша, ел алдында жүрген депутат үшін бұл — ұят нәрсе. Қоғам қайраткері ашық болуы керек, сұрақтардан қашпай, өз әрекетіне түсініктеме беруге дайын болуы тиіс. Журналист әрқашан екі тараптың пікірін де тыңдауға дайын. Біз ешкімді қаралау үшін емес, қоғамға ашық ақпарат ұсыну үшін жазамыз», — деді Диас Нұрақын.

Михаил Козачковты не үшін сотқа берді?

Козачков өзіне қарсы қозғалған әкімшілік іс туралы телеграм арнасында мәлімдеді.

“Мені әкімшілік жауапкершілікке тартпақ. Ал арызды жазған — Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы, сол баяғы 2000 жылы сыбайлас жемқорлық дерегімен мемлекеттік қызметтен қуылған шенеунік”, — деп жазды Козачков.

Кедендегі былық пен амнистия

Журналистің жазуынша, 2000 жылы 30 жастағы кеден қызметкері Болатбек Әлиев өзіне бағынышты қызметкерлерге Қазақстан–Өзбекстан шекарасында ұсталған жүк көлігін, ішінде 240 қап ұн тиелген машинаны жіберуге бұйрық берген. Осылайша, ол контрабандистерге көмектескен.

Бұдан бөлек, Әлиев әріптесі Ержан Асановпен бірге аталған жүкке қатысты барлық құжатты жойып жіберген. Бұл деректі ҰҚК қызметкерлері анықтап, екі кеденшіні де қызметтік өкілетін асыра пайдалану (ҚР ҚК 308-бабы) және құжаттарды жою (ҚР ҚК 324-бабы) баптарымен жауапқа тартқан.

Сот оларды кінәлі деп танығанмен, амнистияға ілініп, екеуі де түрмеден құтылған.

Козачков көпшілікті толғандыратын басты сұрақты көтерді.

“Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған шенеунік мемлекеттік қызметке қайта қалай келді?”, — деп жазды ол.

Осы сұрақтың жауабын табу үшін ол бірнеше мемлекеттік органға ресми сауал жолдаған.

“Біз қызметке тек ҰҚК-нің арнайы тексеруінен өткен азаматтарды ғана қабылдаймыз”, — деп жауап берген Түркістан облысы әкімінің аппараты журналиске.

Оқылып жатыр

Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

«Тұрсынбектің көрпесінің астына кіріп алдық»: Омар Жәлел Қабатов туралы ойын ашық айтты

Қытай теміржолшылары Қазақстанда жұмыс істейтін болады

«Сапасыз үй, жалған уәде»: Басшысы Тоқаевпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесіне Ленин мүсінін қойған

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

Соңғы жазбалар

Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр

6 Қараша, 2025

«Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

6 Қараша, 2025

Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады

6 Қараша, 2025

Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

6 Қараша, 2025

Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

6 Қараша, 2025

Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады

6 Қараша, 2025

Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты

6 Қараша, 2025

«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

6 Қараша, 2025

«Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды

6 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.