Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс

17 Қараша, 2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?

17 Қараша, 2025

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

17 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?
  • 35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр
  • Ардагерлерін ардақтаған ел азбас
  • Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты
  • Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті
  • Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 18 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Маған пысқырып та қараған жоқ — 8 жыл күткен сәбиінен айырылған Тараздағы дәрігер әріптестерінің бейқамдығын баяндап берді

Маған пысқырып та қараған жоқ — 8 жыл күткен сәбиінен айырылған Тараздағы дәрігер әріптестерінің бейқамдығын баяндап берді

6 января, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: ru.wikipedia.org

Әйел тиісті органдардардан әлі күнге дейін мардымды жауап ала алмай жүр

Тараз ауруханасының дәрігерлері ауыр жағдаймен көрінуге келген жүкті әйелді қарамай, салдарынан келіншек түсік тастаған, деп хабарлайды Тodayinfo порталы.

Қаламқас Төреқұл редакциямызға хабарласып, дәрігерлердің бейқамдығынан 8 жыл бойы армандап күткен сәбиінен айырылып қалғанын айтты. Ол ана мен баланың денсаулығына бей-жай қараған жауапты қызметтегі адамдардың жазасын алғанын қалайды.

«2024 жылы тамыз айында 4 айға жуықтаған дені сау, жақсы жетіліп келе жатқан сәбиім түсіп қалды. Сегіз жыл күткен балам еді. Тараздың ауруханасына дәрменсіз күйде жеттім, екі аяғыма әрең тұрған мені дәрігерлер «бізде тіркеуде жоқсыз» деп қабылдамай қойды. Екі сағаттан кейін түсік тастадым», — дейді ол.

Қаламқас Төреқұл жылдар бойы жүктілікке дайындалып, емделіп, былтыр маусым айында ана болатынын естігенде қатты қуанған. Ол дереу емханаға тіркеліп, қажетті анализдерін тапсырады. Айтуынша, 19 түрлі анализдің қорытындылары дұрыс шыққан, іштегі балада еш ақау болмаған. Дегенмен араға ұзақ жылдар салып аяғы ауыр болған оған емхана дәрігерлері қауіп барын ескертіп, қосымша ем-дом алуға кеңес береді.

«Жетінші аптадан бастап УДЗ аппаратына түскенде ауырсынуды сездім. Емхана дәрігерлері «аздаған ауырсынуды сезсең, дереу ауруханаға жат» деп айтқан. Мен облыстық ауруханаға да, қалалық ауруханаға да бардым. Екі жақ та қабылдаған жоқ. Ұзақ уақыттан кейін бала көтерген соң, жатыр ауырлықпен қабылдап жатқанын айтты. Екі ортада сандалып қалдым. Амалдың жоғынан Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевқа хабарластым. Ол кісі менің жағдайыма пысқырып та қараған жоқ. Тіпті «Қаламқас, сенің денсаулығың жоқ қой» деп кемсіткені де бар. Өзім дәрігер болғандықтан, ол кісіден әріптес ретінде көмек сұрадым, бірақ білдей бір басқармаға жауапты адамның қол қусырып отырғанына ғана куә болдым. Дәрігер болған мені осындай жағдайға түсіріп отыр, қара халыққа не істемейді?!», — деді ол.

Қаламқас Төреқұл «егер дәрігерлер ауруханаға дер кезінде қабылдаса, баламды аман-есен дүниеге әкелетін едім» дейді. Әділетсіздікке күйінген әйел облыстық денсаулық басқармасына, әкімдікке, еңбек инспекциясына да арызданған. Бірақ тиісті органдардардан осы күнге дейін мардымды жауап алмаған.

Редакция Қаламқас Төреқұлдың шағымы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына хабарласып көрді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың түсіндіруінше, әйел 2024 жылдың 1-қаңтар айынан бастап Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасына медициналық көмекке жүгінбеген екен.

«Қ. Төреқұл «Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК көрсетілген деректерді объективті қарау мақсатында ішкі тексеріс жүргізіліп, медициналық құжаттамалар қаралып, Қ.Төреқұл 2024 жылғы 10-13 қыркүйек аралығында аталған ауруханада стационарлық ем алып, қанағаттанарлық жағдайда сауығып шығып (медициналық көмек қолданыстағы диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес көрсетілген), аумақтық дәрігердің бақылауына жолданған. «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесі бойынша 2024 жылдың 1-қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасына медициналық көмекке жүгінбеген. 2024 жылғы 12 тамызы мен 9 қыркүйек күндері «eOtinish» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы және басқада ресурстар арқылы Қ.Төреқұлдан өтініш, шағым және талап-арыздар түспегендігін жеткіземін», — деп жауап берді басқармадан.

Оқылып жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

Қырғызстандағы жарық дағдарысы: Жапаров пен Атамбаевтың ашық текетіресі ушықты

«Тамақты алдына қойып, майкамен отыр: Мәжіліс отырысына онлайн қосылған қатысушы қазақстандықтарды таңғалдырды

Соңғы жазбалар

Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс

17 Қараша, 2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?

17 Қараша, 2025

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

17 Қараша, 2025

35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр

17 Қараша, 2025

Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

17 Қараша, 2025

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты

17 Қараша, 2025

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті

17 Қараша, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

17 Қараша, 2025

Қырғызстандағы жарық дағдарысы: Жапаров пен Атамбаевтың ашық текетіресі ушықты

17 Қараша, 2025

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

17 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.