Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

15 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Иран мен Израиль бір-бірін атқылап жатқанда, екі елдің жастары шаңырақ көтерді. Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің 31 жастағы немересі Иман Пехлеви еврей ұлтынан шыққан кәсіпкер Брэдли Шерманға тұрмысқа шықты. Олардың тойы Парижде өтті, деп хабарлайды Todayinfo шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Жастар төрт жылдан бері махаббат құрған, ал 2023 жылдың тамызында қызға ресми түрде құда түскен. Иман АҚШ-та дүниеге келген. Ол Мичиган университетін «психология» және «коммуникация» мамандықтары бойынша бітірген, қазіргі уақытта қаржы саласында жұмыс істейді. Шерман — IT-технологиялар мен электрондық сауда саласына маманданған кәсіпкер.

Ерлі-зайыптылар бір ай бұрын Нью-Йоркте заңды неке қидырған. Ол шараға тек жақын туыстары қатысқан, олардың қатарында Иманның әкесі, Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви де болды. Иран тақ мұрагерінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Тақ мұрагері және оның отбасы шын жүректен құттықтау мен ізгі тілектер жолдаған баршаға алғыс білдіреді. Жас жұбайлар да, әсіресе, ирандықтарға ризашылығын білдіреді», – делінген.

Реза Пехлеви – Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің тұңғышы. Ол әкесінен кейін таққа отыруы тиіс болатын. Алайда 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін монархия жойылып, Пехлеви әулеті Ираннан кетуге мәжбүр болды. 1980 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, Реза Пехлеви әулеттің басы атанды және әлі күнге дейін таққа үміткер екенін мәлімдейді. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та тұрады және Иран оппозициясының негізгі тұлғаларының бірі саналады.

2023 жылдың көктемінде Реза Пехлеви Израильге сапар жасап, «ирандықтар мен израильдіктер арасындағы көпір орнатып, аятоллалар режиміне қарсы бірлескен қарсылық білдіру» мақсатында кездесулер өткізген болатын.

Айта кетейік, Иран мен Израиль арасында достық қарым-қатынас болмаса да, екі ел көршілес әрі тығыз серіктес болды. Шах режимі құламай тұрып, Израильдің Иранға экспорты 100 миллион доллардан асқан. Екі ел арасындағы ең тығыз байланыс — қорғаныс және қауіпсіздік саласында орнаған. Ал Иран Израильге мұнай, газ, минералды ресурстар және азық-түлік жеткізіп тұрған. Алайда 1979 жылы билікке аятолла Хомейни келіп, Израильге жаулық ұстанымын жариялап, барлық қарым-қатынасты үзген.

Оқылып жатыр

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.