Lada.kz сайтының жазуынша, Мирастың ата-анасы келіні басқа ұлт өкілі болады деп мүлде ойламаған. Алғашқыда тосырқай қарағанымен, Ихва бірден ата-енесінің көңілін тауып, биязы мінезімен жақындарының көңілінен шыққан көрінеді.
Мирас пен Ихва әлеуметтік желі арқылы ағылшын тілі курсында танысқан. Көп ұзамай Мирас қазан айында үйленетінін айтты.
«Әрине, біз таңғалдық, бірақ кейін келісім бердік. Қазақ ұлтының салт-дәстүріне сай қызды алып кеттік. Таиландқа қыздың артынан ермейтіндіктен, құдалар өз елінде қалды», — деді Мирастың жеңгесі.
Жас келін Қазақстан мен Таиланд арасында қандай айырмашылық бар екенін айтты.
«Айырмашылық көп: адамдар, ауа райы, ұлттық киім мен дәстүрлері де әртүрлі. Әсіресе, ұлттық асханасында ерекшелік байқалады. Таиландта халықтың көбі күріш пен ащы тағам жейді. Ал мұнда бәрі басқаша. Қазақтың ұлттық асханасы мені таңғалдырды», — деді Ихва.
Бүгінде Ихва ислам дінін қабылдаған көрінеді. Жас жұбайлардың видеосын мына жерден көруге болады.