Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында тұрғын үйдің терезесінің жанынан шақалақ табылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Оқиға 5 мамыр күні таңертең сағат 09:30 шамасында болған. Сәбиді тұрғындардың бірі байқап, полицияға хабар берген. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл деректі растады. Қазіргі уақытта баланың анасын анықтау және оның орналасқан жерін табу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәресте перзентханаға жатқызылды», — делінген ресми хабарламада.
Сәбидің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.