Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркіменстан азаматтарына көмектесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Маңғыстау облысы Қарақия ауданында жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде 2 ауыр жүк көлігі балшықта кептеліп қалып, өздігінен шыға алмады.
«ТЖМ күшімен 2 жүк көлігі жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды», — деп атап өтті ведомстводан.
Түркіменстан азаматтарына медициналық көмек қажет болмады.