Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Нұрқаділова ағылшын тілінде жылдам рэп оқып, жұрттың ықыласына бөленді,деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Көлік тізгіндеп келе жатқан Мерей Нұрқаділова ағылшын тілінде рэпті судыртып оқып берді. Жылдам рэп оқыған қызына анасы да таңданысын жасырмады.
«Ойбай, қазақтың жаңылтпашы сияқты ғой. Браво», — деді Мақпал Жүнісова.
Видеоға пікір жазғандар да таңданысын жеткізген.
«Анасы да қызы да жарап тұр. Анасына тартқан талантты екен. Не деген бетімен кеткен талант. Мерейдің де дауысы анасынікі сияқты керемет екен», — деп жазған олар.
@karapayimjan #реккешығарыпжберіңдерш ♬ оригинальный звук — Karapayim jan❤️