Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

1 сентября, 2025

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенге табиғи газ берілді

Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенге табиғи газ берілді

27 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мақтаарал ауданында тағы бес елді мекенге табиғи газ беріліп, тұрғындардың көптен күткен арманы орындалды. Аудан әкімі Бақыт Асанов ел ішіндегі осы қуанышты сәтпен бөлісу үшін Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер ауылына арнайы барды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

– «Бұл — үлкен қуаныш пен маңызды тарихи сәт. Табиғи газдың берілуі — елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту жолындағы үлкен қадам. Бұл тек өмір сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге, әлеуметтік және экономикалық дамуға жол ашады. Мемлекет басшысының ел халқын сапалы өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен бастамалары нәтижесінде, осындай игі істер жүзеге асып отыр», – деді Бақыт Насырханұлы ауыл тұрғындарына арнаған сөзінде.

Аудан басшысы газ жүйесін жоспардан ерте іске қосуға атсалысқан «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының директоры Ақылбек Абилдиевке алғыс білдірді. Елді мекенде өткен жиынға жиналған ауыл тұрғындары газ алауының тұтануына куә болып, ерекше ризашылықпен қабылдады. Алаудың тұтануымен бірге көпшілік қуаныштарын жасыра алмай, үлкен қошемет көрсетті.

Газ берілген елді мекендер қатарында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр, Өнімкер және Жаңажол ауылдық округіне қарасты Арайлы мен Достық ауылдары бар. Осы бес елді мекенге газ жүйесінің қосылуы – ауданның газ инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір нақты қадам болды.

Бүгінде Мақтаарал ауданындағы 68 елді мекеннің 46-сы газбен қамтылған еді. Бұл – жалпы елді мекендердің 67,6%-ы деген сөз. Енді жаңа қосылған ауылдардың есебінен бұл көрсеткіш айтарлықтай ұлғайды.

Айта кету керек, 2024 жылы облыстық және республикалық бюджеттерден жалпы 6,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 19 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардың жалпы құны – 8,2 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі болып жоспарланған. Сонымен қатар, әлі газ жүйесімен қамтылмаған қалған 4 елді мекенде де ішкі газ жүйесін салу үшін биыл 891 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Аталған жұмыстар аясында бүгін бес елді мекенге табиғи газ беріліп отыр. Жалпы барлық құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, 2026 жылы Мақтаарал ауданы табиғи газбен 100% қамтылатын болады. Бұл – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде тарихта қалмақ.

Оқылып жатыр

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Соңғы жазбалар

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

1 сентября, 2025

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.