Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Маралдыда жиналған халық қатысудан бас тартқан қоғамдық тыңдауды әкімдік «өтті» деп таныды

Маралдыда жиналған халық қатысудан бас тартқан қоғамдық тыңдауды әкімдік «өтті» деп таныды

21 декабря, 2023 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында 19 желтоқсанда жүздеген адам жиналып, қоғамдық тыңдауға қатысудан үзілді-кесілді бас тартты. Олар осылайша, ауылда салынуы көзделген алтын өндіру фабрикасына қарсылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР
Кентаулықтар әкімдікке басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты

2023 жылы 19 желтоқсанда ауылда алтын өндіру фабрикасына байланысты қоғамдық тыңдау өтетінін естіп, жергілікті тұрғындар Мәдениет үйіне жиналған. Алайда ауыл тұрғындары қоғамдық тыңдауға тек әкімдік пен компания өкілдері жиналып, өз-өздерімен тыңдау өткізді дейді.

«Маралды халқы далада тұр. Барлығы өндіріске қарсы. Халық клубта өтіп жатқан тыңдауға кірген жоқ. Бірақ билік өздері тыңдау жасап жатыр. Ылғи бөтен адамдар», — дейді ауылда түсірілген видео бойынша түсінік берген Маралды тұрғыны.

Жергілікті тұрғындар тыңдауға Маралды халқымен бірге Қыстау Күршім мен Үшбұлақ ауылының тұрғындары келгенін айтады.

Ал бүгін Өскемен қаласында халықпен кездесу өткізген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қоғамдық тыңдау өтті деп есептейді.

«Заңға бәрі сәйкес болды. Тыңдау халықтың ой-пікірін жеткізеді. Егер заң бойынша тіркелген адамдардың саны жеткілікті болса, тыңдау өткен деп есептеледі», – Ермек Көшербаев.

Маралдыға 19 желтоқсанда жиналған халық ауыл клубына тыңдау өткізу үшін мүлде бөтен адамдар қатысқанын айтып отыр.

Маралды тұрғындары экологияға алаңдап, екі жылдан бері алтын өндірушілерге қарсы наразылық білдіріп келеді. Сол мақсатта президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін үндеу жасаған. Кейін Күршім ауданы әкімдігі фабрика құрылысы уақытша тоқтатылды деп мәлімдеген. Десе де сот фабриканың салынуы заңды деген шешім шығарған.

Маралды ауылындағы алтын дауы өршімесе басылар емес. Маралды тұрғындары мен осы ауылдан шыққан азаматтар екі жыл бойы ресми органдарға ондаған хат жазып, жауапты басшылармен кездессе де, алтын зауыты құрылысын тоқтата алмаған. «Тоқаевтан басқасының бәрімен кездестік, әділдік таба алмадық» дейді олар.

Осы жылдың 19 шілдесінде маралдылықтар мен алтын зауыты «күзетшілері» арасында болған қақтығыстан кейін 25 шілдеде ауылға тағы да Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі және облыс, аудан әкімдігі билігінен өкілдер барған. Алайда министр, облыс әкімі деңгейіндегі шенеуніктер Маралдыға әлі де аттап басқысы келмейді. Ал ортаңқол шенеуніктердің келгенінен «пайда болмады» деген маралдылықтар екі күн бұрын тағы президентке үндеу жолдаған.

Ал биыл жазда ауылдағы халықтың алтын зауытындағылармен текетіресі қантөгіске ұласа жаздаған. Ulysmedia.kz тілшісі 19 шілдеде Маралдыда болған оқиғаны өз көзімен көріп, портал бетінде баян еткен еді.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

Қытайда жасалған: LRT вагондарында жүргізуші болмайды

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.