АҚШ президенті Дональд Трамптың Мексика шығанағын өзгерту жайлы мәлімдемесіне Мексика президенті Клаудия Шейнбаум жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Президент Трамптың қазіргі мәлімдемелерінің бірінші рет президент болғанда қабылдаған бұйрықтардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты. Шейнбаум Трамптың Мексика шығанағын Американдық деп өзгерту туралы жарлығымен келіспеді.
«Біз тәуелсіздігімізді, АҚШ-та тұратын отандастарымызды қорғау үшін әрекет етеміз. Біз Конституция мен заңдар аясында жұмыс істейміз.Біз үшін және бүкіл әлем үшін ол Мексика шығанағы болып қалмақ»,-деді Шейнбаум.
Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика шығанағын «Америка Шығанағы» деп өзгертуді ұсынды. Ол осы атау шығанаққа көбірек келетінін жеткізді.