Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлады polisia.kz-ке сілтеме жасаған Todayinfo.
Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.