Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • «Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған
  • «Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті
  • «Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті
  • Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 19 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Мектепке жол акциясы мейірімділіктің бастауы – №205 мектептің директоры Гүлнара Даулетова

Мектепке жол акциясы мейірімділіктің бастауы – №205 мектептің директоры Гүлнара Даулетова

23 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қырғыз азаматы бір машина сөмкені алматылық оқушыларға тарту ете салды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

2024-2025 оқу жылында мұқтаж отбасыларды қолдау мақса­тын­дағы «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы рес­публикамыздың барлық дерлік ай­мақ­тарында 1 тамыздан 31 қыркүйекке дейінгі аралықта  ұйымдас­ты­рылуда. «Мектепке жол» акциясы Алматы қаласы Алатау ауданы №205 жалпы білім беретін мектебінде қарқынды жүргізілуде.

Мақсаты, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету,әлеуметтік жағдайын анықтау арқылы сол балалардың мектепке дайындығын бақылау және материалдық, қаржылай көмек көрсету.

«Мектебімізде 150-ге жуық аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар білім алады. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала көмек ала алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуда», — деді мектептің әлеуметтік педагогы Назкен Төкебай.

2024-2025 оқу жылын ұйымдастыруда көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында және тұрақты негізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан 4,125 мың теңге бөлініп, 75 оқушыға соның ішінде (Атаулы әлеуметтік көмек алатын 52 оқушы, 8 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, 15 аз қамтылған оқушыға) мектеп формасы, спорттық аяқ киім, кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді. Сонымен қатар демеуші есебінен 100 оқушыға мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді.

«Құрметті отандастар, сіздерді биылғы 2024-2025  оқу жылының бастауымен барлықтарыңызды құттықтаймын. Жылда мемлекетіміздің қолдауымен  өткізілетін, “Мектепке жол” қайырымдылық акциясында біздің мектебіміз алдыңғы қатарлы мектептердің қатарында деп ойлаймын. Себебі, біздің ата-аналарымыз өте белсенді, сонымен қатар мектебіміздің мұғалімдері де белсенді. Біздің мектебімізде оқитын көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылармызға қырғызстандық Култуев Токтабек Ашимович, Бердибекова Сюита Абдылдабековна, мектебіміздің қамқоршысы Муксинова Василина Викторовна сынды азаматтар көмектесті, демеушілерімізге алғысымыз шексіз. Себебі, кез келген адамның қолынан бұндай қайырымдылық келе береді деп ойламаймын. Өз атымнан жеке, мектеп басшысы ретінде және менің үлкен ұжымым ұстаздардың атынан ол кісілерге алғысымызды білдіреміз. Үкіметкеде үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді, үкіметіміз осындай отбасыларды қолдау мақсатында әр балаға, көпбалалы отбасынан шыққан, аз қамтылған отбасынан шыққан әр балаға 55 мыңнан қаржы бөлді. Ата-аналар қуанып, балаларын киіндірді. Бұл көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек деп ойлаймын. Еңбектеріңіз жансын. Тек қана ұстаздар шәкірттеріңіз сіздерді әр уақытта құрметтеп жүрсін. Мектепке жол мейірімділіктің бастауы», — деді Алматы қаласы Алатау ауданы №205 мектептің директоры Гүлнара Даулетова.

Акция барысында ерікті ата-аналар мен мектеп ұстаздары демеушілік көрсетіп балалардың мектепке дайындығына себепкер болды. Қырғызстандық кәсіпкер Барахолка базарында суда істейді. Акцияны естіген Тоқтабек Култуев жүк көлігі толы мектеп сөмкесін мектепке тарту етті. Қайырымдылық ісіне қол созғандардың арасында Сюита Бердибекова  сынды өзгеде азаматтар ондаған мектеп формасы мен спорттық аяқ-киімдерді оқушыларға сыйға тартты.

«Көп балалы анамын,  балаларым осы мектепте білім алуда. Мектепке жол акциясы аясында екі баламның оқуға жинақталуына барынша көмек алдым,  кеңсе заттары мен мектеп формасы берілді. Біз сияқты ата аналарға қол ұшын созып, демеулік танытқан азаматтарға, мектеп ұжымына алғыс айтамын», -деді Лаура Бектасова.

Оқылып жатыр

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

Соңғы жазбалар

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

19 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

19 Қыркүйек, 2025

«Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

19 Қыркүйек, 2025

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.