Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған: Шығыс Қазақстанда спорт басқармасының басшысы жазаланды

14 Қазан, 2025

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

14 Қазан, 2025

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған: Шығыс Қазақстанда спорт басқармасының басшысы жазаланды
  • Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім
  • Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті
  • «Келісім, гармония»: Жанар Айжанованың қызы екінші ұлына ерекше есім берді
  • Жол ақысы 500 тг. болсын: Энергетика министрлігі түсініктеме берді
  • Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?
  • «2 баласы бар әйелді азаптап, мәйітін қоқысқа тастаған»: Шымкентте оқушы адам шошырлық қылмысқа барған
  • «Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

13 Қазан, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Президентке Палата қызметі туралы ақпарат берілді. Ерлан Қошанов депутаттар жұмыс барысында Президент Жолдауы мен ел дамуы бойынша берген тапсырмаларды заңнамалық тұрғыда уақтылы әрі сапалы қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін баяндады.

Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар. Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заңды қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізілуде. Депутаттар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ креативті индустрия, ғылыми зерттеу аумақтарын дамыту, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, бағбандық шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік қолдау бойынша заң жобаларына бастамашы болды.

Заң шығару жұмысы жұртшылықтың, сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық жүргізілуде. Барлық саяси партиялардың фракциялары өз электоратының сұранысына сәйкес ұсыныстарын белсенді түрде енгізіп жатыр. Маңызды заң жобалары Қоғамдық палатаның отырыстарында қаралады.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, депутаттар Мемлекет басшысының Жасанды интеллектіге қатысты бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Қыркүйек айының соңында Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылдап, Сенатқа жолдады. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен парламенттік тыңдау өткізілді.

Депутаттардың және Энергетика министрлігінің бастамасымен Ақтауда мұнай-газ саласындағы машина жасау ісін дамыту форумы өтті. Мұнай-газ секторындағы сатып алуларда қазақстандық үлесті жүйелі түрде арттыру жайлы шешім қабылданды. Депутаттар мұны ұдайы бақылауда ұстайды.

Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыс жайында мәлімет берді. Елімізге Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының және Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағалары ресми сапармен келді. Көптеген елдің парламенттерімен достық топтары белсене қызмет атқаруда, заң шығару саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған және мемлекетаралық жобаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Депутаттар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТүркПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа да көпжақты ұйымдар аясында табысты қызмет атқарып келеді.

Оқылып жатыр

Жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған: Шығыс Қазақстанда спорт басқармасының басшысы жазаланды

Жол ақысы 500 тг. болсын: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

«2 баласы бар әйелді азаптап, мәйітін қоқысқа тастаған»: Шымкентте оқушы адам шошырлық қылмысқа барған

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады

Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді

Перизат Қайратттың колонияда қандай жұмыс істейтіні белгілі болды

Соңғы жазбалар

Жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған: Шығыс Қазақстанда спорт басқармасының басшысы жазаланды

14 Қазан, 2025

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

14 Қазан, 2025

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

14 Қазан, 2025

«Келісім, гармония»: Жанар Айжанованың қызы екінші ұлына ерекше есім берді

14 Қазан, 2025

Жол ақысы 500 тг. болсын: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

14 Қазан, 2025

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

14 Қазан, 2025

«2 баласы бар әйелді азаптап, мәйітін қоқысқа тастаған»: Шымкентте оқушы адам шошырлық қылмысқа барған

14 Қазан, 2025

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

14 Қазан, 2025

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады

14 Қазан, 2025

Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді

13 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.