Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар және су тасқынына қарсы шаралар бойынша есеп тыңдады,деп хабарлайды Todayinfo.
Экономикалық өсім және реформалар
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында ел экономикасының өсімі 5,4%-ды құрады.
Ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыру, цифрландыру және адами капиталды дамыту мәселелері қаралды.
Су тасқынына қарсы шаралар
Үкімет жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.
37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындалған.
Президенттің тапсырмалары
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке:
✔ Экономиканың нақты секторын қолдау,
✔ Инвестиция тарту,
✔ Әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.