Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады
  • «Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды
  • Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
  • Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды
  • Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
  • Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт
  • «Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады
  • Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

21 Қазан, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі соңғы жылдары салыстырмалы түрде тұрақты қалпында қалып отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың соңында елдегі жұмыссыздық үлесі 4,6 пайыз болды.  Жалпы 9,7 миллион адам жұмыс күшін құраса, олардың 9,28 миллионы жұмыспен қамтылған. Еңбек министрлігі мұны мемлекет жүргізіп отырған белсенді еңбек саясаты мен еңбек саласын цифрландырудың нәтижесі деп бағалады, деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі электрондық форматқа көшіріліп, Enbek.kz платформасы арқылы 400 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Жастар практикасы», «Бастау Бизнес» және «Күміс жас» бағдарламалары тұрақты жүзеге асуда.

Мәселен, Түркістан облысы еңбек нарығын дамытуда белсенді өңірлердің бірі. Мұнда 2025 жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде облыста 130 769 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланған, оның ішінде 83 554 тұрақты, 47 215 уақытша орындар бар. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% тіркелген. Аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шаралары нәтижесінде АӘК алу көрсеткіші 22%-ға төмендеген.

Жастар мен егде буын да осы бағдарламалардың пайдасын көріп отыр. «Жастар практикасы» арқылы 2025 жылы 11 052 жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген. Қазірдің өзінде 8 880 адам өз мамандығына сәйкес жұмыс істеп жатыр. Бағдарламаны аяқтаған 832 азаматтың 468-і тұрақты жұмыспен қамтылған. «Күміс жас» жобасы бойынша жоспарланған 2 760 адамның 2 375-і қатысып, 33 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Жұмыссыздықты азайту тек жұмыс орнын ашумен шектелмейді. Маңыздысы — азаматты тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету. Түркістандағы гранттық және жастар бағдарламалары еңбек нарығында құрылымдық өзгерістер туғызып отыр және өңір экономикасының орнықты дамуына ықпал етеді», — дейді сарапшы Әлімхан Жамалбеков.

Кәсіпкерлікті дамыту да өңірдегі жұмыссыздықты азайтуда маңызды рөл атқарады. 2025 жылы 1 793 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланған, қазіргі таңда 1 788 адам грантқа ие болған. Грант көлемі — 400 АЕК немесе шамамен 1,57 миллион теңге. Қаражат кондитерлік, шаштараз, дәнекерлеу, мал шаруашылығы, ара өсіру, қолөнер және косметика өндірісіне жұмсалып, жаңа кәсіптер ашылды. Кейбір грант иегерлері басқа жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік белсенділігі артқан.

Фото: Shutterstock

Оқылып жатыр

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Астанада есірткі таратқан қыз 10 жылға сотталды 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

Соңғы жазбалар

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

21 Қазан, 2025

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

21 Қазан, 2025

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

21 Қазан, 2025

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

21 Қазан, 2025

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

21 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәуірінде рухани бағдарды қалай сақтау керек: Алматыда дін өкілдері бас қосты

21 Қазан, 2025

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.