Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазнеттегі мемлекеттік гранттардың сатылуы туралы хабарландыруларды жалған деп мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Гранттар қалай бөлінеді?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки гранттардың тек Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерінің негізінде бөлінетінін ерекше атап өтті.
“Егер нақты фактілер болса, біз тексеруге дайынбыз. Алайда интернеттегі осындай хабарландырулардың көпшілігі жалған екенін ескерген жөн, әрі мұндай жағдайлар мұқият зерттеуді қажет етеді,” – деді вице-министр.
ҰБТ кезеңдері туралы мәлімет
Қазіргі уақытта ҰБТ-ның алғашқы кезеңі басталды.
- Көктемде келесі тестілеу өтеді.
- Ал гранттар бөлінетін қорытынды нәтижелер маусым айында белгілі болады.