Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие блогер Molya Jan парақшасында көпшілікті толғандырған жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол ұзақ уақыт бойы ішкі күйзеліс пен ой толғаулардан кейін маңызды шешім қабылдағанын айтып, хиджабын шешкенін мәлімдеді.
“Көп ойландым, уайымдадым, жүрегімді тыңдап, өзімді түсінуге тырыстым. Бұл шешімге келу оңай болған жоқ, оған бір күнде де, бір айда да жеткен жоқпын”, – деп жазды ол.
Блогердің айтуынша, қабылдаған шешімін барлығы бірдей түсінбеуі мүмкін.
“Біреу қолдайды, біреу түсінбейді, ал біреу тіпті айыптауы мүмкін. Бірақ ең бастысы – өзіме адал болу”.
Molya Jan жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті. Ол жанында жүрген, әрқашан қолдау көрсетіп, түрлі жағдайдағы өзін қабылдайтын жақындары мен оқырмандарына алғысын білдірді.
“Мен үшін қазір жаңа кезең басталды. Жанымда болған әр адамға ризамын. Сіздердің қолдауларыңыз сөзбен жеткізгеннен де қымбат”, – деп түйіндеді ол.
Бұл жазба оқырмандар арасында үлкен қолдау тапты: пост небәрі екі күн ішінде 120 мыңнан астам лайк жинап, 18 мыңнан көп пікірге ие болды.
Фото: видео скриншот