Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды
  • «Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған
  • «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ
  • «Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды
  • Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған
  • Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды
  • Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Orda.kz-тегі дау басылар емес. Порталдың бас инвесторы әрі 70% үлесіне иелік ететін Мақсат Ғаниев бас редактор Гүлнәр Бажкенованың әрекетіне қатқыл үн қатты. Бұл туралы Ertenmedia басылымы жазды, деп хабарлайдыTodayinfo.

Бизнесменнің айтуынша, ол Orda.kz порталына қаржы құйғанымен, редакция ісіне араласпай келген. Алайда уақыт өте келе бұл жоба тек шығын мен шырғалаң әкелген.

«Бажкеновамен басында ортақ мәмілеге келгенбіз. Мен порталдың бастапқы кезеңіне қаражат бөлемін, ал ол редакциялық саясатты өзі жүргізеді деп келістік. Бірақ жыл өткен сайын одан қайтарым болмады, тек шығын мен жанжал ғана алып келді. Әуелде түсініспеушіліктерді өркениетті түрде шешуге тырысып, келіссөзге заңгерлерімді де жібергенмін. Алайда нәтиже болмады. Ақыры ол өзінің жариялылығын пайдаланып, қарсы тарапты қаралауға көшті», – дейді Ғаниев.

Оның айтуынша, бұған дейін редакцияға аудит жүргізбек болған әрекеті де сәтсіз аяқталған. Көктемде болған кикілжің кезінде де Ғаниев Бажкеновамен байланысып, мәселені бейбіт шешуге тырысқан.

«Жақында да оған жеке хабарластым, бірақ ол жауапсыз қалдырды. Ал кеше Orda.kz редакциясында болған жағдай мені қатты ашуландырды. Ресми түрде теріске шығарылғанына қарамастан, әдейі таратып отырған жалған ақпараттар – не оның қасақана әрекеті, не қабілетсіздігінің көрінісі.

Шынын айтқанда, оның денсаулығы, соның ішінде психологиялық жай-күйі туралы алып-қашпа сөздерге сенгім келмеген. Бірақ қазіргі іс-әрекеттері оның кәсіби медициналық көмекке мұқтаж екенін көрсетіп отыр. Қалай болғанда да оның әрекетін қоғам үшін қауіпті деп санаймын және тез арада шара қолдануды талап етемін», – дейді Ғаниев.

Ол бас редактордың порталдың беделіне нұқсан келтіргенін айтады.

«Егер ол секілді лас жолмен жүрсем, менде де оған қарсы жариялайтын ақпарат жеткілікті. Бірақ әзірше ұстамдылық танытамын.

Жақын арада Алматыға оралып, 70 пайыз үлеске ие құрылтайшы ретінде оны барлық қызметінен шеттету туралы заңды әрекеттерді бастаймын.

Әрі құқық қорғау органдарынан оның әрекеттеріне нақты құқықтық баға беруін талап етемін», – дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Orda.kz порталы мен Гүлнәр Бажкенова Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды деген ақпарат таратқан еді. Кейін бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат министрі Аида Балаева мен ҰҚК ресми түрде жоққа шығарды.

Оқылып жатыр

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

Соңғы жазбалар

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

7 Қыркүйек, 2025

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

7 Қыркүйек, 2025

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

7 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

7 Қыркүйек, 2025

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.