Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Сарымолдаев ауылында кәмелетке толмаған үш қыз үйдегі газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 сәуір күні болған. 3, 5 және 7 жастағы үш қыз үйде жалғыз қалған. Анасы үйге оралғанда балаларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.
Алайда бүлдіршіндер реанимацияда ес жимастан көз жұмды.
«Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның нақты себептері анықталуда», – делінген департамент таратқан хабарламада.