Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Меркіде үш қызынан бір сәтте айырылған ана туралы көршілері тың дерек берді

Меркіде үш қызынан бір сәтте айырылған ана туралы көршілері тың дерек берді

26 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жамбыл облысы Меркі ауданының орталығы Меркі ауылында үш бала газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жайлы 19 сәуірде кешкі сағат 18:20-да белгілі болды. Балалардың нақты қай уақытта көз жұмғаны белгісіз, анасы жұмыстан қайтқанда тапқан. Ол дереу жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға барады, бірақ балаларды құтқару мүмкін болмаған. Көршілерінің айтуынша, әйел үш баласымен жалдамалы үйде 6-7 ай тұрған.

«Әйел газды қосып, жұмысқа кеткен. Газ пешінің оты өшіп қалған. Кешке жұмыстан келіп, есікті ашса, балалар жатыр дейді. Келіншек жақсы, нашар қылығы жоқ, ішпейді, қыдырмайды, бөтен қылығын көрген емеспіз», — дейді көршісі Гүлмира.

Үш баласынан бірдей айырылып қалған әйел бірнеше жерде жұмыс істеп, тапқан нәпақасымен балаларын жалғыз өзі өсірген. Көршілерінің айтуынша, ол күйеуімен ажырасып кеткен.

«Жалпы бұл үйдің өзі нашар. Бұған дейін бұл үйде үй иесінің үш және алты жастағы екі баласы қайтыс болған. Үш жасар қыз уланды дейді, мүмкін ойнап жүріп жаман нәрсе жеп қойды ма екен. Сосын осы үй иесінің 6 жастағы баласы да аяқасты ауырып қайтыс болған. Үйдің өзі дұрыс болмай тұр, осымен бұл үйде бес бала қайтыс болды», — дейді көршілері.

Инглап Жамалов оқиға болған үймен іргелес тұрады, үйді жалға берген адамның ағасы. Айтуынша, әйел үш баласын ешқашан қамап кетпеген, балалар үнемі аулада ойнап жүреді. Тек қақпаның есігін ғана жауып жүрген.

«Менің жиенім әйелге жаны ашып, үйде тегін тұра бер деді. Өзі көшіп кеткен. Келіншек үш баланы бағу үшін екі дәмхана мен тағы бір жерде жұмыс істеді. Үлкен қызына балаларды қаратып қоятын. Естуімізше, әкесі үш баланы кезінде өзі алып алмақ болған, бірақ әйел бермеген. Бұған дейін туыстарың бар ма деп сұрағанда, әйел ешкімім жоқ деген. Оқиғадан кейін туыстары бары белгілі болды. Жалпы өзі ешкіммен араласпайтын, томаға тұйық адам», — дейді үй иесінің ағасы Инглап Жамалов.

Үш баланың үлкені 2-ші сыныпта оқыған.

«Бала өте ұқыпты, киімі таза жүретін. Биыл ғана біздің мектепке келіп оқыды. Бірінші сыныпты басқа мектепте оқыған. Сабақ үлгерімі, тәртібі жақсы болған. Анасы да балаға деген жауапкершілігі бар болатын. Бұл жағдай бәріміздің жанымызды қайыстырды», — дейді Меркідегі Иван Турбицын атындағы орта мектеп директоры Асипа Қалқабаева.

Еске сала кетейік, 19 сәуірде 8, 6 және 4 жастағы балалар газдан уланып қайтыс болды. 28 жастағы әйел балаларының ес-түссіз жатқанын жұмыстан келгенде байқаған.

Фото: gov.kz

Оқылып жатыр

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Онлайн супермаркет арқылы 800 мың қазақстандық азық-түлік пен тауар сатып алды

Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды

«Ләззатқа әлі де ғашықсыз, ұрпақ өрбітуді ойламайсыз ба»: Мұхамеджан Тазабекке ұятсыз сұрақ қойған журналисті Ахатова сотқа бермек

Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.