[ad_1]
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді.
Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspikz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған.
Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады.
Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.
[ad_2]
Дереккөз: ҚазАқпарат