Фото: Видеодан скриншот
Павлодар қаласы мәслихатының атышулы депутаты Гүлжайна Даримова тағыда қоғам назарын өзіне аударды. Ол аты әлемге әйгілі актриса Анджелина Джолиге еліктеп, басына мүйіз тағып алды, деп хабарлайды Todayinfo.
Мәслихат депутаты Disney мультфильмінің кейіпкері – Малефисентенің образын сомдамақ болды. Оның ашық киініп, маңдайына мүйіз тағып алғанын байқауға болады.
Гүлжайна Даримова бұған дейін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қатысты мәлімдеме жасап, басы дауға қалған еді.
«Кешке қарай олардың балаларын үйлерінен тексеру керек немесе олардың қайда екенін білу үшін чип салу керек. Мен оларға чип салатын едім. Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кешке үйде екенін тексеру керек. Егер жоқ болса, оларды дереу арнайы орындарға, интернатқа жіберу қажет. Балаларымыз үшін қауіпті болса, олар неге сыртқа шығады? Үйде отырсын, кітап оқысын, фильмдер көрсін. Оларды ата-аналары тәрбиелесін», — деген еді ол кезде Даримова.
Балаларға чип салуды ұсынған депутат Гүлжайна Даримованың бұл образына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Оо супер», «Костюм мен мінез сай келген сәт», «Мүйіз кедергі жасамай ма?», — деп жазды желі қолданушылары.