Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғалымдар әзірлеген отқа және суға төзімді кабель өнімін үкіметке таныстырып, журналистерге көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo.
Министр кабельдің балқымайтынын дәлелдеу үшін оны оттықпен жағып көрсетті. Сонымен қатар, ол премьер-министрдің кабинетінде де осы тәжірибесін қайталағанын айтты.
«Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінде үлкен қондырғымыз бар, сол қондырғыны қолданып біз өнімнің физикалық қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік алдық. Кабельді «ҚазЭлектроМаш» ЖШС мен Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары бірігіп жасап шығарды. Ол отқа жанбайды, жоғары және төменгі температураға төзімді, радиацияны өткізбейді және түрлі физикалық қасиетке ие», – деді министр.