Фото: скриншот
Дзюдодан жақында ғана Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Елдос Сметовтың уағыз айтып отырған видеосы тарады. Чемпион пайғамбарлар туралы және қиындықтарды тек дін арқылы ғана шеше аласың деген мағында уағыз айтқан, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Видеода Елдос Сметов қандай «ұстаздардың» уағызын тыңдау керектігін де ашық түсіндіріп отыр.
«Сираны (Пайғамбардың ғұмырнамасы) тыңдай бер. Нұрсұлтан ұстаздың сирасы бар, Ерлан Ақатаевтың сирасы бар. Сен Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызбен қай жағынан танысқың келеді, бәрі дайын тұр. Бірақ біз оған қарамай, проблеманың шешімін басқа жақтан іздейміз. Пайғамбарымыздың, саһабалардың басына түсткен сынақтар, біздің басымызға түссе, өліп кетеміз. Бізге келіп жатқан сынақтар: материалдық жағдайдың болмауы, үйде әйеліңмен ұрысып қалу, көшеде біреумен төбелесіп қалу, бір күнәға батып кету, «косяк-қа» кіріп кету. Оның бәрі уақытша нәрсе. Алладан тәубеңе түс деп келіп жатқан белігіні уақытында түсінсең — жетістігің», — дейді дастархан басында уағыз айтқан Елдос Сметов.
Чемпионның уағызы көпшілікке жақпай қалды. Тіптен кейбірі оның миы уланған деп сынап тастады.
«Мынаның миы уланған ғой», «Ешқандай уланбаған кәдімгі мұсылманның айтатын сөзі», «Чемпион жігіт, сіз жолыңызды жалғастыратын чемпион тәрбиелеңіз. Мықты мықты спортшылар тәрбиелеңіз. Дінді уағыздап керек емес дер едім», «Сенген қойым сен болсаң, деген мақалдың кері ғой. Арабтың саһабасын айтқанша, өзіміздің қазақ батырларын айтса жарасады. Сосын нағыз қазақтардың жігіттері елу жасқа дейін сақал қоймаған. Бұл енді өзін арабпын депгісі келіп отыр ғой. Өз ұлтын сүймесе, оның чемпиондығы кімге керек» деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.
Еске салайық, Елдос Сметов (60 кг) Парижде топ жарып, алтын медаль иеленді.