Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

«Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

2 Қыркүйек, 2025 Шоу бизнес
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстандық психолог Шолпан Есмағанбетова Димаш Құдайбергеннің әлемдік жетістікке жеткенімен, әлі күнге дейін Майкл Джексон деңгейіндегі аңызға айналмауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық психолог Шолпан Есмағанбетова Youtube-арнасында «Неге Димаш аңыз емес?» деген шулы тақырыппен видео жариялады. Видеода ол қазақстандық әншінің Майкл Джексонның тағдырын қайталап, әлемдік иконаға айналуына не кедергі келтіретінін түсінуге тырысты.

Психологтың айтуынша, бұған дейін көпшілік көрермен Димашты Майкл Джексонмен салыстырып, оның мансабы дәл солай өрбиді деген ойда болған.

«Біз Димашты Майкл Джексонмен салыстырғанымызда, көпшілік оны Майкл сияқты болады деп сенді. Көп жағынан бір-біріне ұқсайтын сияқты. Екеуі шығармашылық жағынан да, стиль жағынан да ұқсас келеді. Димашта — опера, фольклор, халықтық дәстүр элементтері бар поп әнші. Майклдың фьюжн, фанк, RnB, соул, хип-хоп және африкалық мотивтері бар,» — деп атап өтті Есмағанбетова.

Сонымен қатар, психолог атап өткендей, Джексонның нәтижеге жұмыс істейтін және оның талантын күшейтетін әлемдік деңгейдегі кәсіпқойлар командасы болды.

«Әрбір талант өз саласында және осы бұлақтардың барлығы бір мұхитқа құйылып, оны қоректендіріп, күшейтті. Оның гауһары одан да жарқырап, көздің жауын алады,» — деп қосты ол.

Ал Димаштың жағдайында, Есмағанбетованың пікірінше, жағдай басқаша.

«Ал біздің мұхитымыз немен қоректенеді? Оны тек шайқайды. Теңге салған қоржындай шайқайды: бәрін сілкіп-сілкіп шығарғанша. Димаштың командасы — қатаң, тар ойлау жүйесі бар бұрынғы шенеунік ағасы… Ол Димашты қағаз қайықтай қысқа жіпте ұстап отыр. Сонымен қатар, командада інісі, анасы, тағы бір інісі, қарындасы, досы мен оның әйелі бар. Бұл — отбасылық келісім-шарт,» — деп түсіндірді ол.

Отбасынан сепарацияланбаған

Психолог әншінің отбасына тәуелділігіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Димаштың өзі мойындаған: оның үйі — ата-анасының үйі, олардың жанында өзін жайлы сезінеді.

«Биіктік бар, ұшу да бар, ұмтылғың келеді… бірақ қолыңнан келмейді. Отбасылық тұзақ мықты ұстап тұрады,» — деп әншінің сөзін келтіреді сарапшы.

Сондай-ақ, ол жағдайды тағы бір танымал қазақстандық әншімен салыстырды.

«Қайрат Нұртастың анасы да продюсер. Жаман деп айтуға болмайды — нәтижесі бар. Бірақ бұлақ пен мұхитты салыстыруға келмейді. Соған қарағанда, Айдарбековтер командасы үшін бұл «бұлақтың» деңгейі төбе болып тұр», — деді Есмағанбетова.

Оның ерекшелігі неде?

Видеода Шолпан Есмағанбетова әр талантты әншінің бойында «ерекшелік» бар екенін атап өтті.

«Майкл Джексонда — фантом, өзге ғаламшарлық, құбыжық бейнесі. Скриптонитте — біртүрлі гуілдеу, күбірлеу, әрдайым түсінікті емес, бірақ органикалық,» — деп мысалдар келтірді ол. — Ал Димашта ше? Ол әрқашан жинақы, кішіпейіл, тәрбиелі, дұрыс, тіпті мойынсұнғыш. Мінсіз. Мұнда да бір оғаштық бар. Талант қашанда ішкі қақтығыстан, шағылысудан, соқтығысудан туады. Ал oнда — идиллия. Өз өмірін емес, өзгенің өмірін сүріп жатқандай.

Оның айтуынша, әртістің ерекшелігі оның шығармашылығының сипатында да жатыр. Егер Скриптонит «жанкүйерлерді энергияға, жыныстық қатынасқа, құмарлыққа бөлесе,» Димашта мүлдем басқаша.

«Оның бойында энергия емес – прана бар. Оның өмірінде жыныстық қатынас емес – сезімталдық бар. Оның бойында құмарлық емес – махаббат бар. Сондықтан оның шығармашылығы тереңірек, нәзіктеу. Сол себепті оның аудиториясы – 50 жастан асқан, ойлы әрі кемел адамдар», — деді Есмағанбетова.

Ол карьерасының басында әншінің басты тыңдармандары негізінен жас қытай қыздары болғанын, бірақ уақыт өте келе олардың жоғалып кеткенін еске салды. Бүгінде оның бейнесі барған сайын «өзінің жеке планетасы мен жасырын өмірі бар кішкентай ханзадаға ұқсайды, ал жерде ол ата-анасының өмірін сүріп жатыр».

Жарқырап шыққан, бірақ дамымай тұрған жұлдыз ба?

«Ақыры не болды? Бізде жұлдыз бар, ол ертегідей пайда болып, жарқырап дамыды. Бірақ ол аңызға айнала ма, жоқ па — ол жағы белгісіз», — деп әңгімесін аяқтады психолог.

 

Оқылып жатыр

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

«Күйеуімді сағындым»: Роза Рымбаева марқұм жолдасын айтып, жылап қалды

«Қасында жүрмін»: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуін концерт алдында қолдауға арнайы келген

Димаш Құдайбергеннің Қазақстанда түсірілген жобасы Қытайда таныстырылды

«Асанәлінің үстінен арыз жаздым»: Белгілі актер ұстазына қиянат жасаған

«25 жыл бойы қазақтың үнін әлемге танытып жүрсе де, бір жапырақ қағаз бұйырмады»: Қарақат Әбілдина ренішін айтты

Соңғы жазбалар

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.