Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Мұндай кесапат ешқашан қайталанбауы тиіс — Тоқаев

Мұндай кесапат ешқашан қайталанбауы тиіс — Тоқаев

31 Мамыр, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Todayinfo.

«Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз.

Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды.

Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды. Ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты мыңдаған ең асыл перзенттерінен айырылды»,- деді мемлекет басшысы атаулы датаға арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде.

Президент Қазақстан аумағында орналасқан ГУЛАГ жүйесінің лагерлері мен онда азап көрген жандар туралы айтты.

«АЛЖИР» де – дәл сондай қасіретті жердің бірі. Мұнда жазықсыз жала жабылған 8 мыңға жуық әйел қамауда отырып шыққан. Олардың арасында Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенов, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров сынды әйгілі тұлғалардың жұбайлары бар. АЛЖИР азабын көрген жандардың ұрпақтары қазір ортамызда отыр»,- деді ол.

Президент саяси қуғын-сүргін – тек қазақ халқының басына түскен зобалаң емес, басқа этнос өкілдерінің де ортақ қайғысы екенін еске салды.

«Мысалы, АЛЖИР-де алпыстан астам этнос өкілдері қамауда болды. Сондықтан сол қасіретті дәуірдің құрбаны болған, зардабын тартқан жұрттың бәрі осы нәубеттерден сабақ алуы керек. Мұндай кесапат ешқашан қайталанбауға тиіс. Ал қазіргі тарихи заманда бұл тек өзімізге ғана байланысты. Ұлт жылнамасындағы қаралы кезеңдерді жадымызда жаңғыртудың түпкі мәні осында», — деді президент.

Оқылып жатыр

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

Соңғы жазбалар

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.