Қарағанды қаласының тергеу соты Алика Мұхамадиеваны екі айға қамауға алу жөнінде санкция берді. Козачков арнасы осындай ақпарат таратты,деп хабарлайды Todayinfo.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни ұлттық алауыздықты қоздыру бабы бойынша айыпталып отыр.
Сот шешімі тергеу органдарының өтініші негізінде қабылданған. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алика Мұхамадиева тарапынан мұсылмандарға қатысты қорлау сипатындағы пікір жазылғаны туралы жазбалар тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырған еді. Дәл осы жазбалар тергеуге негіз болғаны хабарланды.