Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады
  • «Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды
  • Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
  • Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды
  • Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
  • Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт
  • «Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады
  • Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Мұсылмандардың көбі шошқалар»: Қарағандыда ұлтаралық араздықты қоздырған келіншек қамауға алынды

21 Шілде, 2025 Басты тақырып
фото: sn.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды қаласында әлеуметтік желіде мұсылмандар мен қазақтарды қорлаған пікірлері үшін кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі, яғни ұлтаралық және діни араздықты қоздыру бабы бойынша айып тағылып отыр,деп жазады Todayinfo ұлттық порталы.

Әлеуметтік желідегі арандатушылық 

Соңғы күндері Мұхамадиеваның Threads платформасында жариялаған жазбалары қоғамда наразылық тудырды. Ол қазақ ұлтының өкілдерін «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп кемсітіп, мұсылмандарды «шошқа» деп атаған. Бұл мәлімдемелер әлеуметтік желіде кең талқыланып, жұрттың ашу-ызасын туғызды.

Қоғамның реакциясы және кешірім сұрау

Қоғам тарапынан үлкен қысымға тап болған кәсіпкер Threads парақшасын өшіріп, кейін Instagram желісінде кешірім сұрап видео жариялады. Онда ол: «Мен қатты өкінемін», – деп ақталуға тырысқанымен, көпшілік оны кешірмеді. Желі қолданушылары оның әрекетін заң аясында жауапқа тартуды талап етті.

Құқық қорғау органдарының әрекеті

Бүгін тәртіп сақшылары Алика Мұхамадиеваны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс аясында оған қатысты бұлтартпау шарасы әзірге белгіленбеген.

Заң аясындағы жауапкершілік

Қазақстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық және діни араздықты қоздыру Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жазаланады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейінгі ұқсас жағдай

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында Жансұлу Дархамбаева дәл осы бап бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл оқиға да әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған еді.

 

Оқылып жатыр

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы

Big data Қазақстанның үшінші президентін анықтауы мүмкін бе?

«Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Соңғы жазбалар

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

21 Қазан, 2025

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

21 Қазан, 2025

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

21 Қазан, 2025

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

21 Қазан, 2025

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

21 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәуірінде рухани бағдарды қалай сақтау керек: Алматыда дін өкілдері бас қосты

21 Қазан, 2025

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.