Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Набат операциясы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

4 Мамыр, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Набат операциясы» фильмінің  Астана және Алматы қалаларында жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Аталған фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» мен ІІМ қолдауымен түсірілген. Фильмнің қоюшы режиссері – Рашид Сүлейменов. Қоюшы-операторы – Ернұр Рыспаев. Сценарий авторлары – Ильхам Джалилов, Рашид Сүлейменов, Рустам Азаматов.

Көрерменге жол тартқан кино туынды шынайы оқиғаға негізделген. 1992 жылы кезеңдестіру кезінде қашып кеткен 6 тұтқынның әрекетін баяндайды. Олар Шиелі стансасы маңында қалааралық автобустың жолаушыларын кепілге алған. Оларды құтқару үшін қазақстандық мемлекеттік қауіпсіздік және құқықтық тәртіп органдарының ең үздік күштері жасақталды.

Ұзақ келіссөздерден кейін қарақшылар ұшақ талап еткен. Бірақ нақты жоспарланған операцияның нәтижесінде бар қылмыскердің көзі жойылып, кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шекпеген. Бұл – бірде-бір адам жараланбаған операцияның санаулысы. Атыс-шабыс көбірек болса да, «Набат операциясы» құқық қорғау орган қызметкерлерінің көзсіз батырлығы мен операция туралы емес. Бұл – тағдырдың жазуымен осы автобусқа тап болған қарапайым адамдардың өміріндегі 20 сағатқа созылған оқиға және адами қасиеттерінің айқын көрінісі. Басты рөлді «Жастар театрының» актері, көрерменге Міржақып образымен танылған Бақыт Қажыбаев сомдайды. Автобустың ішіндегі әрбір адамның өмірі тікелей осы кейіпкердің мойнында болды десек болады. Фильм көрсетілімінен соң, кинотанушылар өз пікірлерін білдірді.

«Набат операциясы» соңғы жылдары жарыққа шыққан жанрлық фильмдердің арасынан оқ бойы озып шыққан сәтті туынды. Кез келген жанрлық кинотуындының түп негізі – драматургия. Фильмнің сценарийі жанр қағидатын сақтаған, режиссерлік тұрғыда шебер орындалған, стильдік бірізділік бар, бейнелік қатар мен мазмұны бірін бірі толықтыра түсетін, монтажы кәсіби тұрғыда өте білікті, бас-аяғы жұмыр фильм», — деді Дана Әмірбекова.

Фильм өмірде болған оқиғаның негізінде түсірілгендіктен, көркемдік тұрғыда шынайы шыққаны көрерменді ерекше қуантты. Туындыны көре отырып тоқсаныншы жылдар көз алдымызға келіп, сол дәуірдің тынысын тереңінен сезініп, өткен ғасырдың соңына ойша барып қайтқандай сезімде болдық. Бұл әрине фильмнің суретшісі Олжас Әлменовтің ерекше кірпияздықпен атқарған еңбегінің жемісі.

кино Нават фильмі Қазақфильм

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.