Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сыныптастары құлдыққа салып, жезөкшелікке мәжбүрлеген 16 жастағы оқушы қыздың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tofayinfo.kz агенттігі.
Әкімнің айтуынша, қыздың отбасы әкімдіктің және құқық қорғау органдарының бақылауында. Оқиғадан кейін отбасыға баспана ұсынылған.
«Ол кісінің де ұсыныстарын тыңдадық. Сол кезде басқа баспанаға көшуді ұсындық. Бірақ кейін қыздың анасы өз пәтерінде қалу жайлы шешім қабылдады. Біз оны қолдауға дайын болдық, оны одан әрі жалғастырамыз», — деді өңір басшысы Нәлібаев.
Еске сала кетейік, полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қызды сыныптастары сексуалдық құлдықта ұстаған. Іс бойынша ер адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ер адам өзін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімін деп таныстырып, қыздан 700 мың теңге бопсалағаны анықталған.