Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

14 Шілде, 2025

«Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды

14 Шілде, 2025

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды
  • «Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды
  • Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура
  • Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды
  • Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды
  • Сара Алпысқызы тірі: экс-президенттің бәйбішесі ауруханада ем қабылдап жатыр
  • 566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген
  • Геннадий Головкиннің қолғабы 10 миллион теңгеге сатылған: Перизат Қайрат ісінде аты аңызға айналған боксшының есімі аталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » NASA мен Еуропа ғарыш агенттігі фото жариялады: Каспий теңізі он мың шаршы шақырымға тартылған

NASA мен Еуропа ғарыш агенттігі фото жариялады: Каспий теңізі он мың шаршы шақырымға тартылған

2 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Каспий теңізінің тайыздануы ғаламдық алаңдаушылық тудыра бастады. NASA мен Еуропалық ғарыш агенттігі жақында жариялаған жаңа спутниктік суреттер теңіздің соңғы жылдары күрт шегініп бара жатқанын дәлелдеп берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұл фотосуреттерді америкалық Weather-Fox.com климаттық платформасы талдап, соңғы он жыл ішінде теңіз алаңы ондаған мың шаршы шақырымға азайған деген тұжырым жасады.

                                     Теңіз түбі тартыла бермек

Спутниктік деректерге зер салсақ, Каспийдің солтүстік және шығыс жағалаулары, әсіресе Ресей мен Түрікменстан аумақтарында, теңіз суының шегінуі айқын байқалады. Қазақстан мен Түрікменстан тұрғындары бұрын су жайлаған аумақтар бүгінде кәдімгі жаяу жүргіншіге қолжетімді құрғақ жерге айналғанын айтып, алаңдаушылық білдіруде.

Адамдар мен экологияға әсері қазірдің өзінде сезіле бастаған. Балықшылар, экологтар мен жергілікті тұрғындар бұл жағдайдың қайғылы салдарын ашық айтып отыр.

 Негізгі себеп — климаттың өзгеруі мен әлде теңіз байлығын тонау ма?

Сарапшылар Каспий теңізінің тартылу себептерін аймақтық климаттың өзгеруімен, атап айтқанда температураның көтерілуімен және Кавказ тауларындағы қар жамылғысының азаюымен байланыстырып отыр. Теңізді қоректендіруші негізгі су көзі — Ресейдегі Еділ (Волга) өзені. Бірақ оның да деңгейі бөгеттер мен су қоймаларының салдарынан төмендеп келеді.

2020 жылы Communications Earth & Environment журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, ғасыр соңына қарай Каспийдің деңгейі 9–18 метрге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл жүздеген шақырым теңіз түбінің ашылып, жағалаудағы порттар мен қалалардың теңізден ажырауына алып келеді.

                                    Ғалымдардың пікірінше бұл – климаттық апат

Голландиялық географ Франк Весселинг Каспийдегі бұл жағдайды «баяу дамып жатқан климаттық дағдарыс» деп атады. Ол теңіздің құрғауын адам әрекеті мен климат өзгерісінің біріккен салдары ретінде қарастырып отыр.

Экологтар да дабыл қағуда: су пайдаланудағы қазіргі саясат өзгермесе, теңіздің құрғауын тоқтату мүмкін емес. Бұл мәселені әсіресе заңсыз су алу, тиімсіз суару жүйелері мен өнеркәсіптік қажеттіліктердің артуы ушықтырып отыр.

                                 Экономикалық және экологиялық соққы

Каспий теңізінің тартылуы биоалуантүрлілікке зор қауіп төндіруде. Жойылып кету алдында тұрған каспий итбалығы мен бекіре тұқымдас балықтар мекендейтін жерінен айырылуда. Бұған қоса, құстардың миграциялық жолдары бұзылып, туризм мен балық шаруашылығы да күйреу алдында тұр.

Теңіз деңгейінің төмендеуі әсіресе Қазақстан мен Әзірбайжандағы мұнай-газ инфрақұрылымына, порттарға және логистикаға ауыр соққы болып тиюде. Жалаңаш теңіз түбі уытты шаң тудырып, адам денсаулығына қауіп төндіруде, бұл Арал теңізі трагедиясын еске түсіреді.

                                     Саяси үнсіздік пен жауапсыздық

Өкінішке қарай, Ресей мен Иран секілді аймақтың ірі ойыншылары бұл экологиялық дағдарысқа салқынқандылықпен қарап отыр. Әзірбайжан мен Қытай бірлесіп балама экономикалық жобалар (Грузия дәлізі) ұсынса, Иран мен Ресейдің назары Украина мен Израильге бағытталған.

Климаттан бөлек, Ресейдегі су қоймалары мен бөгеттер, сондай-ақ Еділдің ағысын бақылау — Каспийдің қазіргі жағдайына әсер ететін басты факторлардың бірі. Бұл ретте Ресейдің жауапкершілігі зор, алайда оны мойындауға құлық танытпай отыр.

                                             Шешім қандай?

Сарапшылар өңірлік ынтымақтастықты нығайту, су пайдалануды шектеу, суару жүйелерін жаңғырту және климатқа төзімді инфрақұрылым құру қажеттігін айтуда. Бірақ бұрынғы келісімдер орындалмай, баяғы жартас – сол жартас күйінде қалуда.

Доктор Весселингтің айтуынша, «Каспий теңізі дипломатиялық кідірістерді күтпейді – экологиялық залал анық, ал әрекет етуге берілген уақыт шектеулі». Сондықтан бес мемлекет — Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түрікменстан нақты қадамдарға көшуі тиіс.

Оқылып жатыр

Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды

566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген

Теңіз түбіне кеткен теңгелер: Перизат Қайрат сотта Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекті жауапқа тартуды талап етті

Айласын асырған ақ ару: Перизат Қайрат пен оның анасы 10 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін

Перизат Қайраттың орта білімі де, жоғары білімі де жоқ — прокурор

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

14 Шілде, 2025

«Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды

14 Шілде, 2025

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура

14 Шілде, 2025

Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды

14 Шілде, 2025

Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды

14 Шілде, 2025

Сара Алпысқызы тірі: экс-президенттің бәйбішесі ауруханада ем қабылдап жатыр

14 Шілде, 2025

566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген

14 Шілде, 2025

Геннадий Головкиннің қолғабы 10 миллион теңгеге сатылған: Перизат Қайрат ісінде аты аңызға айналған боксшының есімі аталды

14 Шілде, 2025

Талапкерлердің таласы: қандай мамандықтарға төменгі баллмен грант ұтуға болады

14 Шілде, 2025

250 доллар: АҚШ визасы қазақстандықтар үшін екі есеге қымбаттайды

14 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.