Әзербайжанда өз үйінде заңсыз медициналық пункт жасап, науқасына укол салып, өлтіріп алған дәрігер сотталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Орталық аудандық аурухананың ортопед-травматологы Хикмет Әлиевке (1955 жылы туған) қарсы қылмыстық іс материалдары сотқа берілді.
Сот Әлиевтің лицензиясыз медициналық тексерулер жүргізіп, өз үйіндегі науқастарды емдегенін анықтады.
1news.az хабарлауынша, Киш ауылының тұрғыны Садигва Гасанова 2023 жылы дәрігерге арқа ауруы туралы шағымдармен жүгінген.
Дәрігер оған салған уколдан кейін көп ұзамай науқаста ағза интоксикациясынан жүрек-өкпе жеткіліксіздігі дамып, қайтыс болды. Сот отырысында Әлиев оның әрекеттері Гасанованың өліміне себеп болмағанын айтты.
Сот 70 жастағы дәрігерді кінәлі деп тауып, оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын учаскелік үлгідегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.