17 наурыздан бастап «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Отбасы банк бұл бағдарламаға 72 млрд теңге бөліп, 2 440 жұмысшыға қолжетімді несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
✅ Ауыл, орман және балық шаруашылығы
✅ Тау-кен өнеркәсібі және карьер қазу
✅ Өңдеу өнеркәсібі
✅ Энергетика (электр, газ, су, бу, кондиционерленген ауа жабдықтау)
✅ Құрылыс саласы
✅ Тасымалдау және сақтау
Қалай өтінім беруге болады?
1-қадам:
Отбасы банк сайтынан жұмысшы кәсіптерінің тізімін жүктеп алып, өз мамандығыңызды тексеріңіз.
2-қадам:
Сайттан жұмыс орнынан алынатын анықтама шаблонын жүктеп, оны жұмыс берушіңізге толтырып алыңыз.
3-қадам:
Жұмыс беруші ЭҚТЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) тізімінен өз кәсіпорнының бар-жоғын тексеруі керек.
4-қадам:
Толтырылған анықтаманы алып, 17 наурыздан бастап Отбасы банкінің бөлімшесіне барып, төлем қабілеттілігіңізді растаңыз және өтінім беріңіз.
«Наурыз жұмыскер» ипотекасының шарттары қандай?
🏠 Несие мөлшерлемесі:
🔹 Әлеуметтік осал топтар үшін – 7% (ЖТСМ 7,1%-9,6%)
🔹 Қалған санаттар үшін – 9% (ЖТСМ 9,4%-13%)
🏠 Бастапқы жарна:
🔹 Жаңа салынған жөнделген үй үшін – 10%
🔹 Қолданыстағы немесе қара сылақтағы пәтер үшін – 20%
🏠 Максималды несие сомасы:
🔹 Өңірлерде – 30 млн теңге
🔹 Астана, Алматы қалаларында – 36 млн теңге
🏠 Қайдан үй алуға болады?
🔹 Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында – тек жаңа үйлер
🔹 Моноқалалар мен ауылдарда – қолданыстағы үйлер
Үміткерге қойылатын талаптар
✔️ Отбасы банкінде депозиті болуы керек (мерзімі маңызды емес, жаңадан ашуға болады)
✔️ Шотында кемінде 2 млн теңге жинағы болуы тиіс
✔️ Соңғы 5 жылда өз меншігінде баспанасы болмауы керек
✔️ Соңғы 6 айда ресми табысы және соңғы 3 айда тұрақты зейнетақы аударымы болуы қажет