Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында «Штрафтстан» деп айтқан сөзі үшін өкініп қалды,деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Мына терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Ол рас. Мойындап отырмын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанымен келісемін. Елімізді жақсы көруіміз керек. Себебі бұл біздің Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Еліміз туралы айтқан кезде оны басқалары қалай қабылдайтынын ескеруіміз қажет», — деді депутат.
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында елді мазақ ететін депутат пен қоғам белсенділерін сөккен еді.