Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

5 Қараша, 2025

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы
  • Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр
  • Білімге апарар қауіпсіз жол
  • «Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты
  • Алмалының жаңа келбеті: саябақтар, аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды
  • Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды
  • «Бәрі білген, бірақ үндемеген»: Тұрсынбектің тоқалының тойында өнердегі әріптестері де болған
  • Қазақстандықтарға бірінші несиесі мақұлданбайынша келесісін беруге тыйым салынады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Назарбаев саяси сыпайылықты сақтай бермейді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Назарбаев саяси сыпайылықты сақтай бермейді – Қасым-Жомарт Тоқаев

3 января, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Мемлекет басшысы елдің бұрынғы президентіне қатысты өкпесін ашық айтты. «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев елді ұзақ жыл басқарған Назарбаевтың кемшіліктеріне тоқталды, деп хабардайды Todayinfo.

Оның сөзінше, Тұңғыш президент отставкаға кетсе де әкімдер мен министрлерді басқаруын жалғастыра берген.

«Кез келген дәуірдің жақсы жағы да, көлеңкелі тұстары да бар. Біздің жаңа тарихымызда жарқын сәттер әлдеқайда көп болды. Бұл – ақиқат. Салыстырмалы түрде алғанда, қысқа мерзім ішінде мемлекеттігіміздің берік тұғыры қалыптасты, билік институттары құрылды, жаңа астанамыз бой көтерді, шекарамыз шегенделіп, заң жүзінде бекітілді. Көптеген елмен тиімді қарым-қатынас орнатылды, экономикаға шетелден инвестиция тартылды. Осы жетістіктің бәрін жоққа шығару дұрыс болмас еді. Біз әділетті мемлекет құрамыз десек, тарихқа да, оны жасауға атсалысқан азаматтарға да әділ қарауымыз керек. Мұның бәрі, түптеп келгенде, ұлттың болашағы үшін қажет. Өткенді ой елегінен өткізіп, оны әділ әрі шынайы бағалай алмасақ, алға сеніммен қадам баса алмаймыз. Саяси ахуалдың ықпалымен өз тарихыңды көпе-көрінеу бұрмалай беруге болмайды. Ел шежіресін басынан бастап қайта жазу тіпті қауіпті», — деді Президент.

Тоқаев елді ұзақ уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаев көптеген қателіктер жіберді деп санайды. Тіптен, Назарбаев отставrаға кетсе де саяси шекарадан аттаған кездері болғанын атап өтті.

«Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жыл бойы ел тізгінін ұстаған уақытта кемшіліктер болды. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Ашығын айту керек, ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Мұны да айта кеткен жөн. Үнемі Премьер-Министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін. Бұған өз азаматтарымызды былай қойғанда, шетел басшылары мен дипломаттары да таңдана қарайтын. «Назарбаев қызметінен кеткен соң тіпті жоғарылады, енді Президент те оған бағынады» деген әзіл әңгіме де пайда болды. Ал, шын мәнінде, бұл әзілдейтін жағдай емес еді», — деді Тоқаев.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы кейбір шенеуніктердің алыпқашпа сөздерді өрбіткенін, тіптен Елбасы институын құру туралы бастама көтергеніне де тоқталды. Тоқаев арандатушылық мақсатта хаттардың да жазылғанын атап өтті.

«Бұл жағдай қосарланған билік туралы алып қашпа әңгіменің өршуіне әкеп соқты. Шенеуніктер де кабинеттен кабинетке жүгіріп, кімнің тапсырмасын орындайтынын білмей дал болатын. Ол аз десеңіз, кейбір шенеуніктер «Елбасы институты Президент билігінен жоғары тұруға тиіс» деп, ақылға сыймайтын жағдайды заң жүзінде негіздемек болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, өзінің Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуін және бұрынғы президенттің сол жылы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің саммитіне қатысуын нағыз билік дағдарысына әкеп соқтырған негізгі оқиғалар деуге болады. Соның алдында ғана жергілікті бір саясаттанушы оған «Елбасының алтын дәуірін» қалпына келтіру үшін батыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып, арандатушылық мазмұндағы хат жолдаған еді.

Алайда қазір парасаттылық танытып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген тарихи еңбегін лайықты бағалау керек. Мен Президент ретінде мемлекет мүддесін басшылыққа алуға, ел бірлігін бәрінен биік қоюға міндеттімін.

Сіздің сұрағыңызға келсек, қазір біз шамамен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқылып жатыр

Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Соңғы жазбалар

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

5 Қараша, 2025

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025

«Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты

5 Қараша, 2025

Алмалының жаңа келбеті: саябақтар, аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды

5 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды

5 Қараша, 2025

«Бәрі білген, бірақ үндемеген»: Тұрсынбектің тоқалының тойында өнердегі әріптестері де болған

5 Қараша, 2025

Қазақстандықтарға бірінші несиесі мақұлданбайынша келесісін беруге тыйым салынады

5 Қараша, 2025

Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

5 Қараша, 2025

«Түрмедегі күйеуім үйімді сатып жіберген»: Қазақстандық әнші Тоқаевтан көмек сұрады

5 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.